ОҚО ҚХА Тұңғыш Президент күні қарсаңында кітап көрмесін ұйымдастырды

Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы ұйымдастырған мәжіліс аясында Елбасы туралы кітап көрмесі ұйымдастырылып, арнайы әзірленген бейнефильм көрсетілді. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекетті университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., доцент А.Есенәлиев, Оңтүстік Қазақстан мемлекетті педагогикалық университетінің профессоры, т.ғ.к. С.Әбубәкіров, М.Әуезов атындағы ОҚМУ профессоры, п.ғ.д. Н.Алметов және облыстық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пак, Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы О.Рахманбердиев хабарлама жасап, Мемлекет басшысының жалпыұлттық бірлік саласындағы салиқалы саясатын, әлемдік аренадағы биік беделін, ел экономикасын арттыру жолындағы жасампаз еңбектері туралы сөз сөйледі. Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен 1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы осы жылдар ішінде қазақстандықтардың жүрегінен орын алып, өміршеңдігін көрсеткенін, бүгінде Парламентте этнос өкілдерінен сайланған депутаттардың заң шығарушылық үдеріске қатысуы ресми тұрғыда бекітілген әлемдегі жалғыз мемлекет екендігі мәжілісте айрықша айтылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*