Шардара ауданына өткен халықаралық «SAFARI SHARDARA» шарасында спорттық сайыстар мен концерттік бағдарламалар қатар ұйымдастырылды. Фестивальде алғаш болып сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев айтулы шараның өңірде тұңғыш рет ұйымдастырылып жатқанын тілге тиек етіп, сайысқа қатысушылар мен қонақтарды құттықтады.«Елбасымыз «Бай табиғатымыз бен мәдени әлеуетімізді пайдалану үшін сырттан келетін және ішкі туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлу қажет» деп атап өткендей, болашақта Қазақстанда туризм өңірлік ғана емес, жаһандық сипат алуы керек. Еліміздегі туризмнің өркендеуі үшін тарихи және туристік орындарымызды лайықты дамыта білсек, мемлекеттік бюджет толығып, әлеуметтің әл-ауқаты көтеріледі. Бүгін басталған «Safari Shardara» фестивалі — көрші елдерге Қызылқұм мен Шардара суқоймасының жағалауы сынды жауһарларымызды танытатын шара болмақ. Сондай-ақ, біз осы іс-шара арқылы шағалалы Шардарада желкенді қайық спорты мен ат пен түйе жарыс, құсбегілік сынды ұлттық спорт түрлері мен өзге де ата кәсіптерімізді жаңғыртуды көздеп отырмыз. Мұның барлығы өңірдегі туризмді дамытып, бизнес аxуалды көтеруге бағытталған», — деді Жансейіт Қансейітұлы.
Ұқсас жаңалықтар
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН 70-КЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНДЫ
Түркістан облысының 70-ке жуық тұрғыны солтүстік өңірлерге аттанды. Мақсат — жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару. Түркістандықтардың ішінде солтүстік өңірде тұрақтап, жұмыс істеу үшін түбегейлі шешім қабылдаған тұрғындар да жетерлік. Солтүстікке қоныс аударуды қолдайтын мемлекеттік […]
ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚ ЗЕРГЕР МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА КӨМЕГІМЕН ӨЗ ШЕБЕРХАНАСЫН АШТЫ
Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғыны Нұрбек Төлбасы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында шеберхана ашып, өз ісін дөңгелетіп отыр. Ол зергерлік бұйымдар жасаумен айналысатын шеберхана ашу идеясын ұсынып, бағдарлама шеңберінде 555 600 теңге қаржыға қол жеткізген. […]
Түркістан: «Бастау-Бизнес» жобасы аясында оқығандар 1,1 млрд.теңге несие алған
Түркістан облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша «Бастау-Бизнес» жобасы аясында оқытуға 1730 адам оқуға жолданып, тиісті сертификаттарын алған. Сертификат алған 215 маман 1,1 млрд. теңге көлемінде шағын несиемен қамтамасыз етіліп отыр. Шағын несиемен қамтамасыз етуге […]
Пікір қалдыру