Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев 2018 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында қорытынды есеп берді, деп хабарлайды «Күнгей.kz»ақпарат агенттігі.
Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Қазақ-Түрік Университетінің мәжіліс залында өткен жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, облыстық мәслихат депутаттары мен зиялы қауым өкілдері және көкейдегі сауалдарын қоюға келген облыс тұрғындары қатысты. Мұнан бөлек, әкімнің жылдық есебін 5 мың адам селекторлық режимде және әлеуметтік желілерде тікелей эфирде тыңдады.
Баяндамасында Жансейіт Қансейітұлы «Түркістан облысы халқының әл-ауқатын арттыратын экономикалық жүйеміздің даму бағыты қандай болмақ? Әл-ауқатты арттыру тұрғындарға қызмет жасайтын инфрақұрылымды қалай дамытамыз? Өркениет заманында Түркістан облысында адам капиталын заманауи үлгіде қалай қалыптастырамыз?» деген сұрақтар төңірегінде ой қозғады. Өткен жылы тарихи шешім қабылданып, Түркістан облысы құрылғанына, бұл басқосудың облыстың жаңа орталығы – Түркістан қаласында тұңғыш рет өтіп жатқанын атап өтті. Сонымен бірге, Сарыағаш және Мақтаарал аудандарының бөлініп, Келес пен Жетісай аудандарының құрылуы ел әлеуетін көтеру үшін маңызды болғанын жеткізді.
Өңір басшысы Түркістан облысы экономикасының негізгі сүйреуші салалары өнеркәсіп, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және туризм екеніне тоқталып, осы бағытта ауқымды жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді.
Баяндамадан кейінгі жарыссөзге шыққан азаматтар Түркістанда мектептерді көбейту, жас мамандарға пәтер беру, Түркістанның жасыл белдеуін молайту жөніндегі ұсыныстарын айта келе, әкім есебін оң бағалады.
Мәжіліс барысында залдан сұрақ қоюшы азаматтарға да кезек берілді. Тұрғындардың дені коммуналды шаруашылық, транспорт, тұрғын үй алу, жұмыспен қамту, жол салу және өзге де мәселелер төңірегінде сұрақтарын қойды. Әрбір сұрақты мұқият тыңдап, жауап берген Ж.Түймебаев тұрғындардың ұсыныстары мен шағымдары назарға алынатынын айтты.
«Елбасымыздың Түркістан өңіріне деген қолдауын жақсы білесіздер. Қазір ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. «Не шықса да Оңтүстіктен шығады» деген тәмсілге ұқсас сөз бар. Өңіріміздің шынайы өмірімен етене таныс адам ол сөзді облыс халқының еңбекқорлығы мен тапқырлығына деген ризашылықпен, сүйіспеншілікпен айтады. Осы жасампаздық қуатты дұрыс арнаға бұра білсек, Түркістан облысын бірге түлететін боламыз», – деді әкім.
Түркістан облысы Полиция департаментінің бастамасымен ұйымдастырылған «Мен полиция боламын!» және «Менің ата-анам полицей» атты шығармашылық сурет салу байқауы жас жеткіншектер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Байқау — болашақ ұрпақтың бойына құқық қорғау саласына деген құрметті, патриоттық […]
Түркістан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 700 шақырымды құрайды. Биылғы жыл қорытындысымен жақсы және қанағатты жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесін 93,7 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл бағытта, биыл автомобиль жолдары […]
Сауран – өз заманында Түркістанмен қатар дамыған көне шаһар. 2021 жылы наурыз айында Мемлекет басшысының Жарлығымен Сауран ауданы құрылып, тарихи мекеннің даңқы қайта жаңғырған еді. Бұл – ауданның, туризм саласын дамыту, оның әлеуетін арттыру әрі […]
Пікір қалдыру