Түркістан облысының 70-ке жуық тұрғыны солтүстік өңірлерге аттанды. Мақсат — жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару. Түркістандықтардың ішінде солтүстік өңірде тұрақтап, жұмыс істеу үшін түбегейлі шешім қабылдаған тұрғындар да жетерлік. Солтүстікке қоныс аударуды қолдайтын мемлекеттік бағдарлама қолға алынған 3 жылдың ішінде өңірден 700-ден астам отбасы көшіп барған. Былтырдың өзінде 500-ге жуық отбасы жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аударған.
Қоныс аударушыларға мемлекеттен қолдау зор. Түркістан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Тұрар Құдайбергеновтің мәліметінше, бағдарлама қатысушыларына тұрғын үйді жалдау мен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындары да төленеді. Сондай-ақ, әрбір отбасы мүшесіне бір реттік 35 АЕК мөлшерінде материалдық көмек беріледі. Мамандардың айтуынша, қазір солтүстік өңірлерінде 3 мыңнан аса бос жұмыс орны бар. Қоныс аударушылар санының жылдан-жылға өсіп келе жатқандықтан теріскей өңірі тұрғын үй құрылысына да қарқын беріп отыр.
Айта кетейік, жыл соңына дейін облыстан еңбек күші тапшы өңірлерге 1500-ден асатын мүшесі бар 400 отбасы қоныс аударады деп күтілуде. Қазір салаға жауаптылар солтүстікке көш бойынша ауылдық елдімекендерде насихат жұмыстарын жүргізуде.
Жыл басынан бері Түркістан облысының шаруалары 654 мың тонна өнімді экспорттап үлгерсе, оның жалпы құны 69,9 млн АҚШ долларын құраған. Бүгін бұл туралы облыс әкімдігінде өткен брифингте Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек […]
Келес ауданында «Ауыл –Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 28 шақырымды құрайтын 30-қа жуық ішкі көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Біртілек ауылдық округінде — 18 көше, Ошақты ауылдық округінде — 7 көше, Қошқарата ауылдық округінде — […]
ҚР Ішкі істер министрлігінің 2025 жылды Профилактика жылы деп жариялауына байланысты елімізде құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай Түркістан облысы Полиция департаментінде қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді […]
Пікір қалдыру