Түркістан облысында ҚР Тәуелсіздік күні кең көлемде аталып өтуде. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев еліміздің ең ұлық мерекесіне арналған салтанатты іс-шарада бірқатар БАҚ өкілдерін марапаттады. Республикалық, облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының үздіктеріне ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды. Сондай-ақ, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей тапсырмасымен киелі шаһарға қоныс аударған өңірдің бірқатар БАҚ басшыларына жаңа пәтер кілттері берілді. Атап айтсақ, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің басшысы мен тілшісі, облыстық «Южный Казахстан» газеті мен «Жанубий Қозоғистон» басылымдарының бас редакторлары мен орынбасарлары Түркістан қаласында бой көтерген жаңа мөлтек ауданнан баспаналы болды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов журналистерге пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстап, жаңа баспана иелерін құттықтады. Бүгінде Түркістан өңірінде 78 бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген. Оның ішінде 6 телеарна қазақ, орыс және өзбек тілдерінде эфирге шығады. Мемлекеттік және өзге тілдерде 55 газет пен журнал, 2 – радио, 15 – ақпараттық сайт жұмыс істеуде.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан: Кентау қаласында Ұлы Абайға ескерткіш орнатылды
Бүгін Түркістан облысы Кентау қаласында қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына орай, Нұр-Сұлтан қаласы күні қарсаңында еңселі ескерткіш орнатылып, ашылу салтанаты өтті. Игі шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов арнайы қатысып, кентаулықтарды құттықтады. «Елорда […]
ТҮРКІСТАН: Жүгеріден мол өнім алу көзделуде
Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбол Бадырақовтың айтуынша, бүгінде Түркістан қаласы маңында 4 бірлік жаңбырлатып суару машинасы орнатылған. «Қазір бұл алқапқа күздік бидай егіліп жатыр. Келесі жылдың мамыр айында сүрлем жүгері егу жоспарланған. Жаңбырлатып […]
Шымкенттің әкімі қаладағы құрылыс сапасын журналистердің қалай бақылайтынын түсіндіріп берді
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, шаһардағы құрылысы нысадарын аралап, жұмыс барысымен танысып жүр. Осы орайда, қала басшысы журналистерге құрылыс сапасын бірге бақылауға ұсыныс жасаған еді. Сол себепті, қала басшысынан БАҚ өкілдері құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау жұмыстарын қалай […]
Пікір қалдыру