Түркістан облысы әкімдігінің бастамасымен сала мамандары 2019 жылдың 13 желтоқсанда Түркістан қаласындағы «Шапағат», «Дастархан», «Дастан», «Береке», «Бәйтерек», «Жібек жолы» сауда үйлерінде және «Қуаныш», «Алтын бұлақ» базарларында болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізді.
Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың желтоқсанның 14-і күні Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Т.Мусаев және облыс әкімдігінің қызметшілері алда келе жатқан мерекелер қарсаңында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірмеу жөнінде кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Түркістан қаласында Қазбек би көшесі мен Жарылқапов көшелері арасындағы жол күрделі жөндеу жүмыстары жүргізіліп жатыр. 2024 жылға арналған жоспар бойынша, қалада 47,1 шақырымды құрайтын 45 көшеге орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 41,7 шақырымдық 40 […]
Түркістан қаласында салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды дәріптеген «Ене мен келін» сайысы өтті. Қалалық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» ұйымдастыруымен өткен шараға Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Созақ ауданынан 6 отбасы қатысты. Сайыстың мақсаты – еліміздегі […]
Түркістан қаласында балалар мен жастар үшін зор мүмкіндіктер ашылуда. Қалада жақын арада Қолөнершілер орталығы іске қосылады. Бұл бастама Түркістанның Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің (World Craft Council) шешімімен «Қолөнершілер қаласы» мәртебесіне ие болуымен тығыз байланысты. Енді түркістандық […]
Пікір қалдыру