Шымкентте колледж студенттерінің онлайн дәрістері қалай өтуде?

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков пен қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева төтенше жағдайға байланысты онлайн білім беру жүйесінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде жан-жақты баяндады.

Шымкентте техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының саны – 30 (11 мемлекеттік, 19 ж/м). Ағымдағы жылы 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқыту форматында білім берілуде.

«College SmartNation» қашықтықтан оқыу платформасы – 28 колледж, ал «Portal» қыту платформасы – 1 колледж. Атап айтсақ, білім алатын студенттер саны – 26 308. Оның ішінде Шымкент қаласынан – 16 311 (62,2 %), елдімекендерден – 9 997 (37,9%), практикада жүргендері – 2 836 және сырттай білім алатындар – 879.

Сондай-ақ онлайн жүйесі – 17 166 (65%), оффлайн жүйесі – 3 198 (12%), ұялы байланыс (WhatsApp) – 5 944 (23%), 19 ж/м колледжге «College SmartNation» қашықтықтан оқыу платформасы 16 наурыздан бастап орнатылды.

— Бұл бағытта өзекті мәселелерді шешу жолдары да қарастырылуда. 12 ж/м колледжде басшылық, мұғалім тәжірибесі, интернет жылдамдығының төмендігінен кері байланыс, теориялық, практикалық, үй тапсырмасы, сабақ кестесі, пәндер толымдылығы бойынша мәселелер жоқ емес. Алайда оның шешу жолдары бойынша «Қазақтелеком» АҚ-ға тапсырма беріліп, платформа авторларымен онлайн режимінде оқу семинарлары ұйымдастырылуда, — деді Ж. Тәжиева.

Колледжердердегі педагогтар мен қызметкерлер саны – 2 462. Білім саласындағы қызметкерлердің айлық жалақысы өз мерзімінде төленуде.

Айта кетсек, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары бойынша штаттық режимде жұмыс істейтіндер – 120 әкімшілік, техникалық қызметкер; шеттетілген режимде жұмыс істейтін педагогтар – 2 277. Ал кестеге сәйкес кезекті еңбек демалысындағы қызметкерлер – 65.

Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*