Шымкент қаласы тұрғындарының өмірін және денсаулығын қорғау, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында, шаһардағы қоғамдық орындар мен көшелер, тұрғын үйлердің аулалары тұрақты түрде дезинфекциялануда — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
Бүгін шаһарды залалсыздандыру жұмыстары Әл-Фараби ауданы аумағындағы Ахмет Байтұрсынов, К.Тоқаев, Ғани Иляев, Тәуке хан, Түркістан, Т.Әлімқұлов, Т.Орынбаев, Ілияс Есенберлин көшелерінің бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберістеріне жүргізілді. Айта кету қажет, аталған жұмыстар кестеге сәйкес, күнделікті жалғасып жатыр. Сонымен қатар, залалсыздандыру жұмыстары қаламыздың Абай, Қаратау, Еңбекші аудандарында да жүріп жатыр. Қазіргі таңда залалсыздандыру жұмыстарына арнайы мекеме қызметкерлерімен қатар әскерилер де тартылған. Бүгінде олар жоғары да айтылған көшелерден өзге адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындар мен саябақтар да, арнайы демалыс орындар да тазалық жұмыстыран жүргізуде.
Шымкентте спорт мектептері мен спорт секциялары жұмысын қайта бастайды. Спорт объектілері қызмет көрсетуге кіріспес бұрын мына талаптарды қатаң ескеруі керек: — кіретін жерде жұмыскерлердің дене температурасын бақылау; — температурасы жоғары және инфекциялық ауру белгілері бар […]
В Шымкенте началась регистрация на второй этап запуска некоторых объектов предпринимательства. Об этом в ходе брифинга сообщил заместитель акима города Шымкент Максут Исахов. — В городе возобновили свою деятельность ряд объектов. В частности, заработали […]
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстармен танысты. Аудан әкімі Рашид Мыңбаев ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін баяндап, алдағы жоспарларын айтты. Кездесуге зиялы қауым өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, құқық […]
Пікір қалдыру