Қазіргі таңда еліміздің үшінші мегаполисі Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй, 2244 кіреберіс алаңы және 400 ойын алаңы бар. Күні бүгінге дейін көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын және кіреберістеріне және басты көшелер мен ішкі орамдық көшелердің тоқсан пайызына дезинфекция жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, заласыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар жүргізіп жатқанын айта кеткен жөн. Жұмылдырылған азаматтар арнайы техникамен, қорғаушы костюм және арнайы шашушы құралдармен қамтамасыз етілген. Аталған жұмыстар кестеге сәйкес, күнделікті жалғасып жатыр.
Осы орайда, аудан тұрғындары тарапынан дезинфекция жұмыстары бойынша қосымша сұрақтар болса, шұғыл аудан әкімі аппаратының 54-96-54 кезекші телефонына хабарласу керектігін хабарлайды. Айта кету қажет, әлеуметтік желідегі alfarabi.shymkent (Инстаграм парақшасы) және Әл-Фараби Ауданы Әкімінің Аппараты (Фейсбук парақшасы) парақшалары арқылы тұрғындар өтініштері мен пікірлерін білдіре алады.
Тазалық – бұл денсаулықтың негізі ғана емес, қоғамның мәдениеті мен дамуының айқын көрсеткіші. Шымкент қаласындағы №1 қалалық емхана қызметкерлері осы қағиданы ұстана отырып, «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке белсене қатысты. 23 қараша күні өткен […]
Шымкентте Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, сый-сияпат берілді. Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев пен Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов Ұлы Жеңіс мейрамы күні 104 жастағы соғыс ардагері Нигмат […]
Шымкент қаласының Тұран ауданында Қ. Рысқұлбеков көшесінің бойындағы веложолдың аумағын абаттандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Бұл жоба Шымкент қаласының әкімдігі тарапынан қолға алынған және «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС мекемесі жүзеге асыруда. Мекеме қала аумағында тазалық, көгалдандыру және […]
Пікір қалдыру