Шымкентте төтенше жағдай кезінде медициналық тауарларды (бетперде, антисептик, қолғап) заңсыз, рұқсат құжатсыз сатқандарға шара қолданылуда — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Шымкент қалалық экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, сегіз заңсыз медициналық тауарларды сату фактісін анықтады. Нақты айтсақ, отыз екі мың дана бетперде, мың жеті жүз отыз литр антисептикалық заттар жалпы сомасы сегіз миллион екі жүз жиырма бес мың теңгеге және жиырма мың дана медициналық қолғаптар жалпы сомасы жеті жүз қырық мың теңгеге саудаланған. Аталған деректер бойынша, ҚР ӘҚбК 463 бабына сәйкес, алты әкімшілік хаттама толтырлып, сот органдарында қаралуда.
1 іс-құжат ҚР ӘҚбК 424 бабының 1 тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көру үшін, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілтін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданған. Бұдан басқа, 1 іс-құжат бойынша әкімшілік жауапкершілік қаралуда.
Шымкент қаласында өңдеу өнеркәсібі саласындағы инвестициялық жобалар аясында бір мезетте екі жаңа өндіріс нысаны іске қосылды. Жаңа кәсіпорындардың ашылу рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Алдымен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан «Marvik Partners» ЖШС-нің […]
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Мурад Юстел бастаған «Aksa Energy» компаниясының өкілдерімен кездесіп, қуаттылығы 500 МВт-қа дейін аралас циклды газ зауытын салу жобасын жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды. Қондырғы құрылысы биыл басталады. Мегаполис […]
Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов және қала әкімі Мұрат Әйтенов күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан перзентхананың жұмысымен танысты. Мұндағы жұмыстың сапасын көріп шықты. Перзентханаға қарасты 6 корпуста күрделі жөндеу […]
Пікір қалдыру