Карантин енгізілуіне байланысты Шымкент қаласы білім беру ұйымдарының басшыларын қашықтықтан оқыту жұмыстары ұйымдастырылды — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданындағы төтенше жағдай бөлімінің маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Н. Ерғали Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты барлық жалпы орта мектеп директорларын онлайн түрде қауіпсіздік мәселелері бойынша сабақ өткізді. Ондағы негізгі көзделген мақсат — мектеп оқушыларының оқу маусымында, сондай-ақ, сабақтан тыс уақыттарда да қауіпсіздікті барынша сақтауға үйрету. Айта кету қажет, сабақ барысында өрт қауіпсіздік қағидалары, ауа райының өзгеруіне байланысты сақтық шаралары туралы айтылды. Қауіпсіздік сабағына Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева, 35 мектеп, 45 балабақша меңгерушілері, олардың отбасы мүшелері қатысқан болатын.
Өткізілген іс-шараға облыстық Шымкент қаласының жергілікті телеарнасы, «Оңтүстік» телеарнасы ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етті.
Қоғам тұрақтылығын сақтау мәселесі бойынша Еңбекші ауданы, Орманшы тұрғын алабының тұрғындарымен Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесі […]
Шымкент қаласының әкімдігінде Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа редакциясын талқылау және түсіндіруге арналған кеңейтілген кеңес өтті. Маңызды жиынға қала және аудан әкімдері, басқарма басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, Қоғамдық кеңес мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. […]
Биыл аудан аумағында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 20 балалар ойын алаңшасы мен 2 заманауи спорт алаңшасын салу жоспарланған. Қазіргі таңда Самал-3 шағынауданындағы Абдраманов көшесінде спорт алаңы тұрғындарға пайдалануға берілді. Мердігер мекеме — «BAK Construction […]
Пікір қалдыру