Карантин енгізілуіне байланысты Шымкент қаласы білім беру ұйымдарының басшыларын қашықтықтан оқыту жұмыстары ұйымдастырылды — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданындағы төтенше жағдай бөлімінің маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Н. Ерғали Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты барлық жалпы орта мектеп директорларын онлайн түрде қауіпсіздік мәселелері бойынша сабақ өткізді. Ондағы негізгі көзделген мақсат — мектеп оқушыларының оқу маусымында, сондай-ақ, сабақтан тыс уақыттарда да қауіпсіздікті барынша сақтауға үйрету. Айта кету қажет, сабақ барысында өрт қауіпсіздік қағидалары, ауа райының өзгеруіне байланысты сақтық шаралары туралы айтылды. Қауіпсіздік сабағына Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева, 35 мектеп, 45 балабақша меңгерушілері, олардың отбасы мүшелері қатысқан болатын.
Өткізілген іс-шараға облыстық Шымкент қаласының жергілікті телеарнасы, «Оңтүстік» телеарнасы ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етті.
2025 жылы Шымкент қаласында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту бағытында жүйелі әрі ауқымды жұмыстар атқарылды. Қаланың цифрлық әлеуетін нығайту, мобильді және кең жолақты интернет сапасын арттыру, цифрлық қолжетімділікті кеңейту, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті заманауи бейнебақылау жүйелері арқылы […]
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік қолдау шын мұқтаж азаматтарға бағытталуы керектігін атап өткен болатын. Президенттің осы тапсырмасын орындау мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі ҚР Энергетика министрлігі жәнп «QazaqGaz Aimaq» АҚ-мен бірлесе отырып, Шымкент қаласында […]
Шымкент қаласындағы Достық шағын ауданындағы бұрынғы қоқыс полигонының аумағында салынатын Экопарк жобасы қала тұрғындары үшін маңызды әрі қызықты жаңалық болып отыр. Бұл жоба экологиялық мәселелерді шешу мен табиғи ресурстарды сақтауға бағытталған, сондай-ақ қаланың әлеуметтік және […]
Пікір қалдыру