ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейтуді тапсырды.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жаңа ақпараттық ағында іске асыру халықпен кедергісіз байланыс құру үшін инновациялық тәсілдің қажеттілігін көрсетеді.
Осыған орай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі «Antikor.Live» жобасын іске қосты.
Бұл жоба on-line режимде сыбайлас жемқорлыққа қарсы контентті үнемі жариялауға арналған алаң болып табылады.
Енді әр жұмыс күні сағат 11.00-ден бастап 12.00-ге дейінгі аралықта Департамент халықпен «тікелей эфирге» шығуда.
Тікелей байланыс Департаменттің Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы жүргізіледі.
«Тікелей эфир» барысында азаматтардың назарына елімізде жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары, жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін сыйақы беру шаралары, хабарлаушыларды қорғау және т.б. тың ақпараттар ұсынылатын болады.
Эфир барысында кез келген желі қолданушысы спикерге Департаменттің қызметіне қатысты сұрақ қойып, өз пікірі мен ұсынысын қалдыра алады.
«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген нақылды шымкенттіктер берік ұстанған. Көктем шығып, күн қыза бастағаннан жер-жерде тал егіп, көшеттер отырғызылуда. Осындай игі іс бүгін қаламыздағы 46 мектеп-лицейі маңында өтті. NEW WEVE экологияны қорғаушы еріктілер ұйымы […]
Шымкентте ерекше қажеттіліктері бар 3615 сайлаушы тіркелген және оларға ыңғайлы болу үшін сайлау учаскелерінде барлық қажетті жағдайлар жасалған. 1512 мүмкіндігі шектеулі азамат үшін 28 мамандандырылған инватакси жұмыс істеуде және оларды учаскелерге тасымалдауды қамтамасыз етеді. Есту […]
Табиғи ресурстарға бай Қазақстан ауқымды экологиялық өзгерістердің қарсаңында. «Таза Қазақстан» бастамасы бұл үдерісте үкіметтің, бизнестің және азаматтық қоғамның таза әрі тұрақты ортаны құру үшін күш-жігерін біріктіре отырып, шешуші рөл атқарады. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков елдімекендердің […]
Пікір қалдыру