Коронавирус инфекциясының кең таралмауына және қауіпті індеттің алдын алу мақсатында Шымкент қаласында 16 аумақ оқшауланды. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқшауланған аумақтарда 163 полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Медицина мамандары да тәулік бойы қызмет атқаруда. Ошақтарда науқастардың тұрғылықты жері бойынша дезинфекция жүргізіліп, үздіксіз эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізілуде.
Оқшауланған мекенжайларға тоқталсақ, олар:
1.Жұқпалы аурулар ауруханасы;
2.«Атамекен» медициналық орталығы;
3.«Мейірім» оңалту орталығы;
4.№2 қалалық ауруханасы (Медикус);
5.Психикалық сауықтыру орталығы;
6.«Жаңаталап» шағынауданы;
7.«Самал-1» шағынауданы, Тайманов көшесі 14 үй;
8.Мақталы 120 үй;
9.Желтоқсан 3а үй;
10.8 шағынаудан, 53 үй;
11.Төреқұлов көшесі 204 үй;
12.«Солтүстік-батыс» шағынауданы (Ұшқиян 644);
13.«Асар-2» шағынауданы Шаттық-74;
14.«Қайтпас-1» шағынауданы, Алтай көшесі 15 үй;
15.Сайрам ауылы Әл-Фараби көшесі 25 үй;
16. «Сәуле» шағынауданы, Жастар, Бәйдібек ата, Ғ. Мұратбаев, Баянауыл, Көктөбе көшелері.
Айта кетсек, қазіргі таңда Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының жалпы 31 жағдайы тіркелген.
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен өткен республикалық «Мың жүйрік» байқауы қорытындыланды. Этнос балаларының қатысуымен болған жоба биыл төртінші рет өтуде. Аталмыш жоба Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық […]
Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының дәрігерлері бүйрегін тас байлаған 39 жастағы әйелді аман алып қалды. Науқас ауруханаға өте ауыр халде түскен. Дәрігерлер «Compact Sigma» литотриптер аппаратының көмегімен науқастың бүйрегі мен несепағар жолдарындағы тастарды отасыз түсірді. […]
Бүгінде интернет кеңістігінің қарқынды дамуы күнделікті өмірімізге айтарлықтай оң әсерін тигізіп отырғанымен, сонымен қатар жаңа қауіптердің де белең алуына себеп болуда. Соның ішінде, азаматтардың жиі тап болатын проблемасының бірі – интернет алаяқтық. Бұл – қазіргі […]
Пікір қалдыру