Шымкент қаласында республикалық олимпиадаға қатысатын оқушыларын үшін арнайы онлайн форматта конференция өтті. Шымкент қаласы Білім басқармасы Дарын орталығының директоры Раушан Жеренова жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысушылармен интернет-конференция өткізді.
Онлайн өткізілген бұл іс-шараға «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Қамбар Жани Сайдуллаұлы қатысып, оқушыларға адалдық пен парасатты қоғам идеологиясы негізінде ашықтыққа шақырып, олимпиада барысында әділдік болатынын айтып өтті. Шымкент қаласынан жалпы пәндер бойынша аталған республикалық олимпиадаға жаратылыстану-математика бағыты бойынша 37, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 31 оқушы қатысады.
Интернет-конференция барысында Дарын орталығының директоры Раушан Омарханқызы оқушыларды толғандырып жүрген бірқатар сұрақтарға жауап беріп, жеңіске ұмтылдырып, олардың бойына жігер сыйлады. Одан бөлек, онлайн конференцияда дарынды балаларға арналған Білім инновациялық лицейі мұғалімдері өздерінің олимпиадаға дайындау тәжірибесімен бөлісті. Алдағы уақытта да жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысушыларды қолдау мақсатында интернет-конференциялар өткізіледі деп жоспарланып отыр.
Пікір қалдыру