«TÚRKІSTAN BAQ — 2020» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

 

28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында 2020 жылғы 15 мамыр-15 маусым аралығында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «TÚRKІSTAN BAQ — 2020» байқауы ұйымдастырылған болатын.
Байқау шартына сәйкес, 23 маусым күні байқауға қатысқан үміткерлер еңбегін екшеген БАҚ кеңесінің мүшелері өзінің шешімін шығарды.
Бұл ретте Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырған «TÚRKІSTAN BAQ — 2020» байқауының қорытындымен таныс болыңыздар.
«АЛТЫН ҚАЛАМ» номинациясы — Ерболат Айнабеков, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі.
«ТҮРКІСТАН ТЕМІРҚАЗЫҚ» номинациясы — Мақсұт Айтжанов, «Оңтүстік» телеарнасының Түркістан облысы бойынша тілшілер қосынының жетекшісі
«ТҰРАН САЙЫПҚЫРАНЫ» номинациясы — Жұмабеков Жандос, Хабар24 телеарнасының Түркістан облысы бойынша меншікті тілшісі
«ОБЪЕКТИВ» номинациясы — Қайсар Шерім, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің фотографы
ЖАҢА АҚПАРАТ» — «Oinet.kz» ақпараттық-сараптамалық порталы
«ҮЙЛЕСІМ» номинациясы — «Әділет: Рухани жаңғыру» газеті.
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, «Ұлы Абай» тақырыбындағы үздік деректі фильмі — «Айғақ» телеарнасы,
Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Фараби феномені» тақырыбындағы үздік деректі фильмі — «Оңтүстік» телеарнасы,
«ТҮРКІСТАН ЖАНАШЫРЫ» – Владимир Привалов, «Южный Казахстан» газетінің тілшісі
«АЛТЫН КӨПІР» номинациясы
— Бейбіт Қазыбеков, Жетісай ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.
Байқауға қатысқан әріптестерден бөлек, бірқатар журналистер облыс әкімі Ө.Шөкеевтің Грамотасы, Алғыс хатымен марапатталса, тағы бірқатары облыс әкімінің орынбасары С.Қалқамановтың Алғыс хатымен, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасарының «Алғыс хатымен және Қоғамдық даму басқармасы басшысының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Мереке құтты болсын, қаламы қарымды журналистер қауымы!
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*