Қаламыздағы ірі жол-көлік инфрақұрылымының бірі – Оңтүстік айналма жолы. Айналма жолдың құрылысы Леңгір тас жолынан бастап КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейінгі аралықты қамтиды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков нысанда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Миллионды қаланың дамуы мен гүлденуіне аталған нысандардың үлесі басым. Себебі, айналма жолдар ең бірінші халықтың игілігіне, кептелістің азайуына септігін тигізеді.
Ұзындығы 16 шақырымды құрайтын айналма жол барлық транзиттік көліктерді қала сыртымен жүргізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, мегаполис көшелеріндегі және қала маңындағы кептелісті азайтып, экологиялық жағдайды жақсартады. Оған қоса, жол бойында орналасқан елді мекендерде шағын кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді деп күтілуде.
Бүгінде Шымкент-Ташкент жолында қиылысатын бөлігінде көпір салынып, жолдың негізі салынған.
Сондай-ақ қала әкімі Қонаев даңғылы жалғасының құрылысымен де танысты. Нысанның 2-кезеңі -Түркістан көшесінен Терешков көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Көшенің жалпы ұзындығы — 1,7 шақырым, көшенің ені 42 метр. Жолдың жүріс бөлігі 6 жолақты. Бүгінде жұмыстардың орындалуы 30%.
Құрылыстың 3-кезеңі Темір жолмен қиылыс құрылысының басынан Дамбовая көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Көшенің жалпы ұзындығы 0,561 шақырым. Көшенің ені 42 метр, жолдың жүріс бөлігі 6 жолақты.
Нысанның 5 –кезеңі Бадам өзеніндегі көпірден Сауле шағынауданындағы Әскери бөлімінің тұсына дейінгі аралықты қамтиды. Көшенің жалпы ұзындығы 4,7 шақырым. Көшенің ені 42 метр, жолдың жүріс бөлігі 6 жолақты. Жұмыстардың орындалуы 30%.
ҚР Парламенті сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров Шымкент қаласының 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджеті бойынша Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері деңгейінде толық шешімін таппаған мәселені Үкімет басшысы Асқар Маминге жеткізді, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. ҚР […]
Шымкент қаласының Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Ұстаздар күні қарсаңында ерекше игі дәстүрді жалғастырды. Қала полицейлері өздері білім алған мектептерге арнайы барып, ұстаздарына алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді. Бұл бастама қоғамда ұстаз еңбегін дәріптеу мен жастардың […]
Жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтетін Еңбек күніне орай бүгін Шымкентте “Еңбекпен өткен өмір — ұрпаққа үлгі” атты салтанатты жиын өтті. Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының ұйымдастыруымен өткен іс шараға қала тұрғындары, ардагерлер кеңесі мен […]
Пікір қалдыру