Биыл Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағындағы 39 аулаға балалар ойын алаңшасын және ашық спорт алаңшасын орнату жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта жыл басынан бері 24 балалар ойын алаңшасының жұмыстары тәмамдалып, ел игілігіне пайдалануға беруге дайын.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Әл-Фараби ауданындағы Володарский көшесі №2А тұрғын үйінің ауласына барып, тұрғындармен кездесті. Су жаңа спорт алаңшасы салынғалы тұрғындардың да көңіл-күйлері көтеріңкі. Мегаполис басшысы жергілікті халықпен жүздесу барысында спорт алаңшаларын күтіп ұстауға кеңес беріп, бұл нысан елдің ортақ игілігі екенін ұғындырып өтті. Спорт алаңшалары сапаға сәйкес заманауи үлгіде, балалардың шаттана ойын ойнауына қолайлы етіп жасалған. Балалардың игілігі үшін жасалған бұл алаңшалар заман ағымына сай етіп жасалынған. Бала — болашақ, бала — елдің ертеңі. Сол үшін де олардың дұрыс қалыптасып, озық ойлы болып өсуіне бүгінгі аға ұрпақ осындай көңіліне қуаныш сыйлайтын өзгерістерден бастау керек. Бүгінгі берілген ойын алаңшасында елдің тұтқасын ұстар, қамын күйттейтін балалар өсіп жетілеріне сеніміміз мол.
Айта кетейік, бұл жерде тек ойын алаңшасы ғана емес, салауатты өмір салтын ұстануға түрлі жаттығу орындары бар. Спорттық жаттығу құралдарының пайдасы тек жастарға ғана емес, қарттарымызға да пайдасы бар. Елдің игілігіне берілген соң күтіп, баптап көпшіліктің меншігі деп қабылдауға шақырды қала әкімі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Шымкент қаласын дамытудың 2035 жылға дейінгі жаңа Бас жоспарын бекітті. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды. Үшінші мегаполистің дамуы қалай болмақ? Жаңадан аудан орталықтары қайсы аймақтардан ашылады? Еліміздің ірі өнеркәсіп, […]
Шымкент қаласында 8-мамыр күні кешкі уақытта күшті жел тұрып, кейбір тұрғын үйлердің шатыры қирап қалған. Ағаштар құлап, кей шағынаудандарда электр жарығы сөніп қалған. Қаладағы Әл-Фараби алаңы жанында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде профнастилден жасалған шатыры ұшып, […]
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитінде сөз сөйлеп, түркі әлемі елдері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту, экономикалық ықпалдастықты тереңдету және көлік-логистика саласындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтеру мәселелерін басты назарға алды. Мемлекет басшысы 2040 жылға […]
Пікір қалдыру