Бүгін қаламызға жылу маусымына дайындық жұмыстарымен танысу мақсатында келген ҚР Энергетика вице-министрі
Жандос Нұрмағанбетов пен қала әкімі Ғабит Сыздықбеков “Бозарық” қосалқы станциясында болды.
Қаланың солтүстік бөлігін сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы іске қосылған станция қуаттылығы 160 МВт кВ құрайды. Бүгінде қосалқы станцияның жүктемесі 47 МВт-қа жеткен.
Нысан “Оңтүстік Жарық Транзит” ЖШС-нің сенімгерлік басқаруында. Осыдан бірер ай бұрын жұмыс істеп тұрған 2 автотрансформатордың біреуінде ақау пайда болып, істен шыққан болатын. Автотрансформатор серіктестік көмегімен қайта қалпына келтіріліп, жуырда іске қосылды.
Айта кетейік, «Бозарық» қосалқы электр станциясы негізгі кешен саналады. Ол қуаты 110/35/10 кВ болатын 5 қосалқы электр станцияларының қосылу көзі. Осы кешеннен қуат алатын «Нұрсәт», «Астана-1», «Астана-2» қосалқы станцияларының құрылыстары аяқталған.«1-М-1» станциясының құрылысы жалғасып жатса, «Ынтымақ» қосалқы станциясының жоба-сметалық құжатын әзірлеуге тапсырыс берілген.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған бұл кешен 250 мыңнан астам халықты сапалы электр энергиясымен қамтитын болады. Қаламыз ірі өндірістік орталық ретінде қалыптасып отыр. «Бозарық» электр станциясы стратегиялық нысан ретінде шаһардағы электр қуатының жетіспеушілігін шешеді.
Сондай-ақ, ведомство басшысының орынбасары мегаполистің 2035 жылға дейінгі электр жүйесін дамытудың кешенді жоспарымен танысты.
Шымкент қаласының Еңбекші ауданында тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында бірқатар ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Бұл жобалар қаланың экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз етіп, аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Атап айтқанда, кәріз жүйелерін дамыту, […]
Қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі – терроризм мен діни экстремизм. Бұл құбылыстар тек бір елге емес, бүкіл әлемге қауіп төндіреді. Мемлекеттің тұрақтылығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде терроризмге қарсы іс-қимыл кешенді, жүйелі түрде және […]
12 мамырдан бастап Шымкентте автоәуесқойлар үшін мамандандырылған ХҚО жаңа форматта іске қосылады. Енді мамандандырылған ХҚО-ға бару үшін 1414 байланыс орталығы немесе немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет болады. Бұл […]
Пікір қалдыру