Шымкент: Автоәуесқойлар үшін ХҚКО іске қосылды

12 мамырдан бастап Шымкентте автоәуесқойлар үшін мамандандырылған ХҚО жаңа форматта іске қосылады. Енді мамандандырылған ХҚО-ға бару үшін 1414 байланыс орталығы немесе немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет болады.

Бұл азаматтардың ХҚО-да көптеп жиналуын болдырмайды және вирусты жұқтыру қаупін жояды, осы ретте қызмет алушылар да өз уақытын үнемдейді. Алдын ала брондаусыз еш қызмет көрсетілмейді.
Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін мамандандырылған ХҚО-да автокөлік иелері өз автокөліктерін қайта тіркеп, жүргізуші куәлігін алып, практикалық емтихан тапсыра алады.
Шымкентте барлығы 3 мамандандырылған ХҚО жұмыс істейді. Мамандандырылған ХҚО ғимаратында көлік құралын тіркеуге және қайта тіркеуден өткізуге, жүргізуші куәлігін ауыстыруға болады. Жүргізуші куәлігіне қосымша категориялар бойынша практикалық емтихан тапсыру және медициналық тексерістен өту жұмыстары Достық мөлтек ауданындағы мамандандырылған ХҚО-да ғана жүзеге асырылады.
Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында автоХҚО-ға кезектің уақытын брондау үшін egov.kz порталы немесе 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы белгілуге болады. автоХҚО-ға барған кезде қашықтықты сақтауды сұраймыз, медициналық маскалардың болуы міндетті.
Естеріңізге сала кетейік, азаматтар, сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы жүргізуші куәлігін ауыстырып, автокөлігін қайта тіркей алады.
Айта кетейік, автоХҚО жұмысы тоқтатылған сәттен бастап, төтенше жағдай кезінде онлайн режимінде азаматтарға 600 жуық жүргізуші куәлігі берілді және автокөлікті қайта тіркеу бойынша 300 астам қызмет көрсетілді.
Анықтама: Жұмыс кестесі: ДС-ЖМ, 10.00- ден 18.00-ге дейін үзіліссіз.
Мамандандырылған ХҚО мекенжайлары:
№1 мамандандырылған ХҚО: Достық м.а.
№2 арнайы ХҚО: Ташкент айналма жолы, 341.
№3 арнайы ХҚО: Қызылжар м.а., Жиделібайсын көшесі 92. «Бекжан-комфорт»

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*