ҚР Үкіметі тарапынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың жағдайын жақсарту мақсатында тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау тетігін енгізу қарастырылған болатын.
Шымкентте жалға алынған пәтерді субсидиялауға бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуы тексерілуде. Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы жүргізген мониторингке сәйкес, 256 азаматпен жасалынған келісімшарт тоқтатылды.
Естеріңізге салайық, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру ережесі» туралы бұйрықта көрсетілгендей аталған бағдарламаға белгіленген топтар ғана қатыса алады. Олар: І, ІІ топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы отбасылар.
Бұйрық күшіне енген сәттен бастап Шымкентте 1 769 азаматқа субсидия берілген.
Айта кетейік, атаулы көмек бойынша тізім механизм дайындалғанда ғана жасақталатын болады. Баспананы жалға алудың бір бөлігін төлеу қағидатына сәйкес 50% — мемлекет, қалған 50% — ын пәтер жалдаушы өз бетінше төлейді. Қайталама тұрғын үйді жалға алу үшін отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен (36 018 тг) кезекте тұрған көпбалалы отбасылар. Аталған субсидиялау механизмінің басты операторы болып «Отбасы Банкі» белгіленді.
Өтініш берушілер үшін негізгі талаптар:
-Қазақстан Республикасының азаматтығы;
— Отбасының (азаматтың) соңғы 6 (алты) айда отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төмен күнкөріс деңгейінің 1 еселенген (36 018 тг) шамасынан аспайтын жиынтық табысының болуы;
— Тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қоюды және тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін растау болып табылады
— Құқықтық кадастрда тіркелген тұрғын үй иесі мен жалға алушы арасында жасалған шарттың болуы.
Жаңа механизм мүдделік органдармен бекітіліп келісілген соң ғана мамыр айында іске қосылады деп күтілуде.
Шымкент қаласы әл-Фараби ауданында абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. «азіргі таңда, аудан аумағында орналасқан 2 гүлзарда абаттандыру, қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Соның бірі, «Д.Қонаев […]
Қазақстанның экологиялық ахуалын жақсарту және табиғатты қорғау мақсатында өткізіліп келе жатқан «Таза Қазақстан» республикалық акциясы – ел тұрғындарына тазалық мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі. Осындай игі бастамаларға қолдау көрсеткен […]
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың қатысуымен Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі №9 қаулысына енгізілген өзгерістер жөнінде онлайн-брифинг өтті. — Аталған қаулы бойынша ауылшаруашылығына қатысты және тағы да […]
Пікір қалдыру