Қаламыздағы «Металлург» стадионы 10 жылдық үзілістен кейін қайта іске қосылды. Тарихы терең нысанды жөндеуге 3 миллиард 800 миллион теңге жұмсалған.
Шымкентте қайта жаңғыртылған «Металлург» стадионы бұқаралық спортты дамытуға серпін беруде. Озық үлгіде жабдықталған нысанға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы барып, аралап көрді.
1980 жылы пайдалануға берілген спорт кешені бүгінде заманауи талаптарға сай жаңартылған. 1504 көрерменге арналған стадионда күрес, бокс, кикбоксинг, футбол, волейбол, баскетбол, гандболға арналған залдар мен 64 орындық қонақ үй қарастырылған.
Айта кетейік, мұндағы құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталып, биыл сәуір айында аяқталған болатын. Нысан 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында қолданысқа қайта берілді.
Айта кетейік, «Металлург» стадионы 1957 жылы құрылған еді. Нысан Шымкент қорғасын зауытына тиесілі болған. Алайда компания жабылып қалған соң, стадион қараусыз қалды. Сондықтан қала әкімдігі жергілікті бюджеттен қаражат бөліп, қайта жөндеуден өткізді.
Мердігер мекеме – «Югстройсервис-Н» ЖШС. Нысанның құрылысына 60 жұмысшы, 5 техника жұмылдырылған. Құрылысты нақты, сапалы етіп қабылдап алған. Арнайы мамандардан құралған өкілдер тексеріп, оң бағасын берді.
Айта кетейік, спорт кешені өткен ғасырдың 70-жылдары салынған.
Алдағы уақытта стадионда халықаралық, республикалық деңгейдегі түрлі іс шаралар ұйымдастырылатын болады.
Шымкентте коронавирус індетінің алдын алу мақсатында әлеуметтік тұрмысы төмен топтағы азаматтарға жалпы саны 76 255 бетперде тегін таратылды. Мәселен, «Бекжан» базары маңындағы «Магнум» ірі сауда дүкендер желісінде Абай ауданы әкімдігі аталмыш супермаркеттен ай сайын азық-түлік […]
Шымкент қаласындағы «SHANYRAQ» отбасын қолдау институты орталығында аналарға арналған тігін курсының шеберханасы ашылды. Жоба «Ана жолы» қайырымдылық қорымен бірлесе жүзеге асырылды. Бұл жерде өмірлік қиын жағдайға түскен қыз-келіншектер тігіншілік оқу-курсына тегін қатыса алады. Қазіргі […]
Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығында «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының қалалық кезеңі қорытындыланып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл маңызды іс-шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек арнайы қатысып, отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған […]
Пікір қалдыру