Бүгін Шымкентте мереке қарсаңында «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті.
Шараға қала әкімі аппаратының қызметкерлері, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, әкімдікке қарасты барлық салалық басқармалардың, аумақтық органдардың, мемлекеттік және жеке меншік мекемелердің қызметкерлері, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері мен ерікті жастар қатысты. Сенбілікке жиылғандар бес аудан территориясында өздеріне белгіленген аумақтарды қоқыстардан, күзгі жапырақтардан тазартты. Соның ішінде Қаратау ауданы әкімдігі аймағына қарасты А.Асқараов атындағы дендрологиялық саябақты тазартуға 1000 нан аса адам жұмылдырылды.
— Дендрологиялық саябақ — қаламыз үшін маңызды аумақ. Аймақты тазартуға қызметкерлерден бөлек 500-дей студенттер мен оқушылар қатысып отыр. Олар саябақ ішіндегі орындықтарды, бордюрларды сырлайды. Жүйелі түрде ұйымдастырылып келе жатқан сенбілік жақсы дағды болып қалыптасуы қажет, –деді Қаратау ауданының әкімі Р.Мүлкеманов.
Саябақтағы сенбілікке жиылғандар ағаштарды күзеп, қураған бұталарды қырқып, күзгі жапырақтарды жинады. Ерікті студенттер мен оқушылар шараға апта сайын қатысып келе жатқандығын айтады.
— Сенбілікке мұғалімдерімізбен бірге келдік. Бізге бояу мен щеткаларды бөліп берді, қазір бодюрларды сырлап жатырмыз.Сенбілік шарасы жақсы бастама. Қаланың көркіне, тазалығына атсалысу өзіме ұнайды.Сондықтан апта сайын қалмай келіп, қатысуға тырысамын, — деді ОҚМА- ның студенті Ақжүніс Хайтмамбетова
Айта кетейік, тазалық акциясы қазан-қараша айларында жалғасады.
Жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беру жобасы басталғалы бері қалада 300-ден астам азаматтан өтініш түскен. Бүгінгі таңға 164 тұрғын оң қорытындысын алған. Оның ішінде 129 азаматқа шағын несие беріліп, бүгінде басым көпшілігі […]
Шымкент қаласында жол қозғалысы ережелерін және қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған жүргізуші полиция назарынан тыс қалмады. Қаланың бейнебақылау камералары арқылы анықталған құқық бұзушының әрекеті жолдағы өзге жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне айтарлықтай қатер төндірді. Оқиға 20 […]
Бүгін қала әкімдігінде мегаполис басшысы, оның орынбасарлары, сондай-ақ аудан әкімдері мен басқарма басшылары азаматтарды кезекті қабылдауды өткізді. Тұрғындар түрлі абаттандыру және коммуналдық-шаруашылық, бизнес жүргізу, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, автомобиль жолдары, жер қатынастары және тұрғын үймен қамтамасыз […]
Пікір қалдыру