Мегаполисқа айналғалы Шымкенттің көрікті жерлері мен әсем ғимараттарының саны артып келеді. Тек әсемдік үшін ғана емес, халықтың оң игілігіне жарайтын зәулім сәулеттер бой көтеруде. Солардың бірі жаңа әуежай терминалы. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков құрылысы жүріп жатқан жаңа әуежай терминалына барып, бір ай бұрын берген тапсырмаларының орындалу барысы мен жұмыс қарқынын бақылап қайтты.
Шаһар басшысы сала мамандарымен кездесу кезінде әрбір нысан құрылысы белгіленген мерзімде тапсырылып қана қоймай, сапалы шығуы тиіс деп шегеледі.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, жолаушылар терминалы құрылысының 1-кезеңі аяқталды. Шатыры монтаждалып, қасбеті жаңғыртылды.
Сонымен қатар, жаңа әуежайға инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары да кестеге сәйкес іске асты. Терминалдың жалпы аумағы 35 мың шаршы метрді құрайды.
Әуежай жұмыстарының 2-кезеңі жоба бойынша 2024 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар жаңа әуежайға инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. 800 жұмыс қолы тартылған.
Жаңа терминалдың жалпы ауданы 40 800 шаршы метрді құрайды. 24 эскалатор, 2 трафик, 24 жеделсаты, заман талабына сай келетін 4 галерея қарастырылған. Барлығы жеке инвестор есебінен салынуда.
Аэропортта жолаушы өткізу қабілеті сағатына 200 адам болса, жаңа терминал іске қосылғаннан кейін бұл көрсеткіш еселеніп, 2 000 адамға артады.
Қазіргі таңда перрон құрылысын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы берілді. 6 гектар аумақта тиісті жұмыстар атқарылуда.
Әуежай құрылысының 2-кезеңі 2024 жылы аяқталып, ел игілігіне беріледі.
Дендросаябақ — ашық аспан астындағы ағаштар мұражайы. Дендросаябақ — қала ішіндегі қалың орман. Қазақстанда ең алғаш салынған дендросаябақ Шымкент қаласында орналасқан. Шымкентке қонақ болып, ат басын бұрғандардың дені жасыл желек жамылған дендросаябаққа соқпай кетпейді. Бұл […]
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігімен мемлекеттік қызметтің беделін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсы бойынша өңірлік комиссияның отырысы үстіміздегі жылдың 4 маусымында қашықтық форматында өткізілді. Еліміздегі үздіктердің үздігін анықтау […]
Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімі — тек жауынгерлік дайындыққа мән беретін бөлім ғана емес, сонымен қатар спорт арқылы рухты шыңдап, ел абыройын асқақтататын үздік сарбаздарды даярлайтын орда. Бұл бөлімде бүгінде республикалық […]
Пікір қалдыру