Мегаполисқа айналғалы Шымкенттің көрікті жерлері мен әсем ғимараттарының саны артып келеді. Тек әсемдік үшін ғана емес, халықтың оң игілігіне жарайтын зәулім сәулеттер бой көтеруде. Солардың бірі жаңа әуежай терминалы. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков құрылысы жүріп жатқан жаңа әуежай терминалына барып, бір ай бұрын берген тапсырмаларының орындалу барысы мен жұмыс қарқынын бақылап қайтты.
Шаһар басшысы сала мамандарымен кездесу кезінде әрбір нысан құрылысы белгіленген мерзімде тапсырылып қана қоймай, сапалы шығуы тиіс деп шегеледі.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, жолаушылар терминалы құрылысының 1-кезеңі аяқталды. Шатыры монтаждалып, қасбеті жаңғыртылды.
Сонымен қатар, жаңа әуежайға инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары да кестеге сәйкес іске асты. Терминалдың жалпы аумағы 35 мың шаршы метрді құрайды.
Әуежай жұмыстарының 2-кезеңі жоба бойынша 2024 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар жаңа әуежайға инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. 800 жұмыс қолы тартылған.
Жаңа терминалдың жалпы ауданы 40 800 шаршы метрді құрайды. 24 эскалатор, 2 трафик, 24 жеделсаты, заман талабына сай келетін 4 галерея қарастырылған. Барлығы жеке инвестор есебінен салынуда.
Аэропортта жолаушы өткізу қабілеті сағатына 200 адам болса, жаңа терминал іске қосылғаннан кейін бұл көрсеткіш еселеніп, 2 000 адамға артады.
Қазіргі таңда перрон құрылысын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы берілді. 6 гектар аумақта тиісті жұмыстар атқарылуда.
Әуежай құрылысының 2-кезеңі 2024 жылы аяқталып, ел игілігіне беріледі.
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Арманда» бизнес форумының жетекшілері — медиаменеджер, қоғам қайраткері Арман Давлетяровпен, белгілі дінтанушы Нұрлан Байжігітұлымен, қоғам қайраткері, журналист Ләйлә Сұлтанқызымен, белгілі продюсер Жан Мұқановпен кездесті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз […]
«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясы аясында Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында үлкен сенбілік ұйымдастырылды. Бұл шараға қала тұрғындары, белсенді жастар, еріктілер, кәсіпкерлер және аудан қызметкерлері қатысып, қаланың тазалығын қамтамасыз ету үшін күш біріктірді. Сенбілікке қатысушылардың негізгі […]
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан білім нысандарындағы жағдайды бақылап қайтты. Қаладағы №63 негізгі орта мектеп ғимараты 2012 жылы 300 орынға арналып салынған. Қазіргі таңда «Отано ЛТД» ЖШС білім беру мекемесі […]
Пікір қалдыру