Қала әкімінің ай сайынғы азаматтарды жеке қабылдауларында және аудандарды аралау барысында түскен тұғындардың өтініш-тілектері ескерусіз қалмайды. Бүгінде тұрғындардың ұсыныс пікіріне қатысты тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді.
Сондай өтініштердің бірі бойынша тұрғындардың талап-тілегі бақылауға алынып, М.Мәметова атындағы №35 орта мектептің тұсындағы Қазыбек би көшесінің бойына жасанды жол кедергісі орнатылды. Бұл кедергі мектеп оқушыларының қауіпсіздігі үшін өте маңызды.
Сондай-ақ, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қ.Бақбаев көшесі мен Ташкент көшесінің қиылысына жаяу жүргіншілер жолағы сызылса, Жібек жолы – Сайрам көшелерінің қиылысында орын алатын көлік кептелісін айналып өту мақсатында ақпараттық белгі орнатылды. Ал, Қабанбай батыр көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа жол жабындысы төселген соң толығымен қайта жол белгілері сызылды.
Жалпы, жыл соңына дейін елдімекендегі 4,6 шақырымды құрайтын 2 көше және 5 тұйық көшеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Ал Набережная көшесінің тұйықтарын орташа жөндеуден өткізу 2025 жылға жоспарлануда. Қаратөбе тұрғын алабының жалпы аумағы 22,7 шақырымды құрайды, оның 20,6 шақырымы асфальт жол. Қала басшылығы 1,2 шақырымдық Домбыралы көшесінің жол құрылыс жұмыстарын қадағалады. Жалпы, биыл бұл аумақта 3 шақырымды құрайтын 2 көше және 5 тұйық көшеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Құрылыс енді Гүлабад, Бахриз Рамиз, Қапал батыр №1, 2, 3, 4 көшелерге, және тұйықтарға жүргізіледі. Ал Ризақ палуан, Жаңақұрылыс көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу 2024 жылға жоспарлануда. Қала әкімі мердігерлер жауапкершілігін арттыра отырып, жол құрылысын сапалы атқаруды ескертті. Сондай-ақ жұмыстарды үлестіре отырып, нысандарды мерзімінде қолданысқа беруде нақты тапсырмалар жүктеді.
Сайрам ауданында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Ақсукент және Манкент ауылдарында білім, мәдениет және денсаулық сақтау нысандары күрделі жөндеуден өтуде. Сондай-ақ, аталған екі ауылдық округтегі 10 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүретін болады. Мәселен, […]
Ташкент–Алматы бағытында Шымкент қаласын айналып өтетін негізгі магистралды А-2 автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Құрылыс жұмыстары 31 шақырымды құрайтын 8 кезеңнен тұрады. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков 7-кезеңі жүргізіліп жатқан жол құрылысының жұмыс барысын тексерді. […]
Түркістан облысы Созақ ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 15 жобаны жүзеге асыру жұмыстары басталып, 8-нің құрылысы толық аяқталды. Нәтижесінде елдемекендердегі 4,5 шақырымнан астам көшеге асфальт, 1 шақырым жерге аяқжол төселіп, жарықшамдар […]
Пікір қалдыру