Бүгін, балаларды қорғау күні мерекесі мен «Бақытты балалық үшін» республикалық акциясына орай Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова қалық орталық ауруханаға барды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Қала басшысы балалар бөлімінде ем қабылдап жатқан бүлдіршіндердің хәл-жағдайын сұрап, мерекемен құттықтады. Олардың тезірек сауығып кетуін тілеп, бүлдіршіндерге ойыншықтар үлестіріп, сый-сияпат жасады.
Шаһар басшысы аурухана ұжымымен әңгімелесіп, денсаулық сақтау қызметкеріне үлкен жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. Сондықтан оларға еңбектері үшін алғыс білдірді.
Айта кетейік, қалалық Орталық аурухананың балалар бөлімі бүлдіршіндерге мамандандырылған көмектің барлық түрін көрсетеді. Материалдық-техникалық базамен қамтылған. Аурухана 31 төсек орынға лайықталған. Сондай-ақ, бұл жерде жылына 1500-1800 бала ем алып шығады.
Арыстық 10 мың тұрғын газбен қамтылатын болды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Арыс қаласындағы 6 шағын аудан халқы бүгін газбен қамтылды. 2020 жылдан бері тоқтап тұрған нысанның мәселесін шешу үшін облыс әкімі […]
Еріктілер жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдаған #БізБіргеміз челленджы аясында «Түркістан облысы және Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 75-жылдығына орай орталық қызметкерлері «Келешек» жастар кеңесінің белсенді мүшелерімен «Бейбітшілік үшін алғыс» […]
Сахараны гүлдендіріп, түрлендірген АҚШ инвесторларының Арысқа назары ауды. Олар Арыста жаңбырлатып суару әдісімен өнім егіп, мал шаруашылығы саласын дамытпақ. Мысыр елінде еңбек еткен инсвесторлар енді жаңа жобаны Түркістан облысында жүзеге асырады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аталған […]
Пікір қалдыру