Сауран ауданында жиһаз өндірісі жақсы дамып келеді. Облыс басшысы Дархан Сатыбалды Сауран ауданындағы бірнеше нысанды аралап, кәсіпкерлермен кездесті. Өңір басшысы ауданға қарасты Оранғай ауылдық округінде «RICH HOME FURNITURE» жиһаз цехының жұмысымен танысты. Жаңа өндірістік цех заманауи технологиялармен жабдықталған, жылына 500-ден астам үй жиһаздарын шығаруға қауқарлы. Экспорттың негізгі көлемі Орал, Ақтөбе сондай-ақ Қызылорда, Түркістан қалаларына жіберіледі.
Жиһаз жасаушы өндірістің әлеуеті зор. Негізгі арнайы жабдықтарды шетелден алдыртады. Жиһаздардың бірегей үлгісі Ресей, Түркия, Беларусь, Қытай және Италияның сапасы мен дизайны бойынша жасалынуда. Осылайша отандық тауарлар ішкі нарықта сұранысқа ие, өзінің өнім көлемін айтарлықтай арттырып отыр.
– Облыста шағын кәсіпкерлікті, өндірісті дамыту бағытында мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қолдаулар көрсетілуде. Бүгінде өңірде жиһаз кластерін дамыту жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Ол үшін арнайы жер бөлініп, жеңілдіктер қарастырылған, – деген облыс әкімі аудан әкімі мен жауапты басқарманың басшыларына кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын ширату жөнінде тапсырма берді.
Аудан бойынша 2025 жылға дейін 61,4 млрд. теңгенің 102 инвестициялық жобасын іске асыру жоспарланған. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі саласында 23 жоба жүзеге аспақ. Сауранда 12 жиһаз цехын іске қосу жоспарда бар. Оның 9-ы жұмысын бастады.
Жиһаз саласында Түркістан өңірінің әлеуеті жоғары. Осыған орай жиһаз кластерін дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Онда жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылады. Облыс Жаңадан салынып жатқан құрылыс нысандарына қажетті жиһардар отандық өндірушілерден сатып алынады.
Облыста соңғы бір айдың ішінде Қазығұрт, Сауран, Сарыағаш және Келес ауданында 570 гектарға қосымша 4 индустриалды аймақ құрылды. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды. Жиын барысында индустриалды аймақтарды жобалармен […]
Түркістан қаласында 25 қазан — Республика күні мерекесі қарсаңында интеллектуалды ойын өтті. Шара облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң бастамасымен ұйымдастырылған. Шараға «Конгресс Холл «көпсалалы кешенінің директоры Асқар Кенехан мен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының […]
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының 21 жастағы тұрғыны коронавирус инфекциясының симптомсыз түрімен дәрігерлер бақылауында болған. Жетісай аудандық орталық ауруханаға жүктілігіне қарай жағдайы күрт нашарлап жеткізілген. Дәрігерлер ана мен бала өміріне де қауіп төнгенін айтады. Дер […]
Пікір қалдыру