Түлкібас ауданының орталығында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.
Ауданға іссапармен барған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Нұршуақ мөлтек ауданындағы әлеуметтік тұрғын үйлердің құрылысын бақылады. Бұл жерде 2 қабатты, 20 пәтерлік 2 тұрғын үйдін құрылыстары ағымдағы жылдың мамыр айында бастау алған. Нысандар осы жылдың қыркүйек айында толық аяқталып, үй кезегінде тұрған азаматтарға берілмек. Сондай-ақ жаңа шағынауданда 56 пәтерлі үш тұрғын үй салынып жатыр. Аталған баспаналарды банк арқылы қолжетімді бағамен ұсыну бағыттары қарастырылуда. Айта кетерлік, бүгінгі таңда Түлкібас ауданында 3100 азамат үй кезегінде тұр.
Облыс әкімі жауаптыларға ауданды дамыту жұмыстарын жалғастыру, құрылыс сапасын қадағалау, кәсіпкерлікті дамыту, өндіріс орындарын ашу жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Айта кетейік, Түркістан облысында тұрғындарды баспанамен қамту бағытында жұмыстар жалғасып жатыр. Кезекте тұрғандарға 2024 жылы 2469 пәтер сатып алуға 36,5 млрд. теңге бөлінген. Оның ішінде: «Тұрғын үй-моммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 504 пәтер сатып алуға 6,6 млрд. теңге қаралған. Ал «Самұрық-Қазынаның» кредиттік қаржысы есебінен 1989 пәтер сатып алуға 29,9 млрд. теңге қаралып отыр. Бүгінде аудан, қалаларда аталған үйлерді салатын жер белгіленіп, кейбір аудандарда құрылыс басталып кеткен.
Аудан, қала әкімдіктеріне, құрылыс жүргізуге 1, 2 және 3 қабатты тұрғын үйлердің типтік жобалары ұсынылған. Аталған қаржы аясында облыс бойынша жалпы 113 000 шаршы метр құрайтын 114 үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Бұл үйлердің басым бөлігі сатып алу құқығымен жалға немесе ипотекаға беріледі деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, өткен жылдың соңында аудан бойынша жалпы тұрғын үй кезегінде тұрған біршама отбасыға жаңа пәтер кілттері табысталған болатын. Бүгінгі таңда тұрғын үй алуға өтініш берген азаматтардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында жүйелі түрде баспаналар салына бастады.
Әлемнің сүйікті алкогольсіз сусыны Түркістан облысында да шығарылады. Түлкібас ауданындағы RC Сola атауымен алуан түрлі ауыз су және хош иісі бар сусындар шығаратын «Beibarys Bottlers» ЖШС-і биыл іске қосылады деп жоспарлануда. Жаңа зауыт заманауи өндірісте […]
Түркістан облысы, Түлкібас ауданында абаттандыру, көріктендіру бағытында ауқымды жұмыс атқарылды. Десе де заман ағымына сай өшеге көрік, өңірге өң кіргізетін жобалардың болғаны дұрыс. Түкібас ауданы облыстың табиғаты тамаша, туристер көп келетін өңір. Осы орайда облыс […]
Түлкібас ауданынының атқа мінер азаматтары филология ғылымдарының докторы, Абайтанушы Мекемтас Мырзахметовке шығармашылық үйін салып берді — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Мекемтас ақсақалдың туған жері Мичурин ауылынан бой көтерген 5 бөлмелі баспананың құны 8 миллион […]
Пікір қалдыру