Түркістанда «Күлтөбе қалашығы» ашық аспан астындағы заманауи археологиялық паркін құру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Бұған дейін жобаның алғашқы кезеңі аяқталған болатын. Бұл қалашық «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайына иесілі. Барлық жұмыс ЮНЕСКО талаптарына сай жүргізілуде.
Аталған жобаның екінші кезеңін жүзеге асыру бойынша Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды сәулет, туризм, мәдениет саласына жауапты басшылар мен осы жобаға қызығушылық танытып отырған шетелдік компания өкілдерімен кеңес өткізді. Жиында Күлтөбе қалашығы маңынан заманауи туристік нысандар салу мәселесі талқыланды.
– Бұл қалашыққа келген саяхатшылар Қазақ халқының тарихынан, мәдениетінен, қасиетті Түркістан шаһарының өткенінен мағлұмат алатындай болуы тиіс. Біздің маңызды құндылығымыз – Қожа Ахмет Ясауи кесенесімен үндесіп, туристер келетін орынға айналуы керек. Жан-жақты зерттеп, зерделеп барып, жұмысты жүргіземіз, – деді Дархан Сатыбалды.
Жобаның жалғасы ретінде келушілерге заманауи сандық технологиялар арқылы ежелгі заманға саяхат жасауға мүмкіндік беретін нысан салынады. 3D форматының жетістіктері қолданылады. Нысан түнде жарқырап, ою-өрнектермен безендірілмек. Болашақта археологиялық парктің қонақтары үшін сандық технологиялар арқылы ежелгі заманға саяхат жасау мүмкіндігі туады. Осы маңнан табылған археологиялық жәдігерлер туралы да мағлұмат беріліп, қазақ мәдениеті, қолөнерінен сыр шертетін дүниелер жұртшылық назарына ұсынылады деп күтіліп отыр. Бұл жоба әлі зерделеніп, тиісті шешім қабылданады.
Күлтөбе қалашығы – Түркістанның бастауы. Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи — мәдени қорық-мұражайының маңызды объектісі. Ашық аспан астындағы мұражайдың жалпы аумағы 27 га құрайды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс барысымен танысып, жауапты басшылармен кездесті. Құрылыстың сапасына басты назар аударуды тапсырды.
Қалашықтың барлық жағынан Ясауи кесенесі көрінеді. Қазір мұнда биіктігі 17 метр болатын шаңырақ іспеттес қондырғыларды орнату жұмыстары жүріп жатыр. Қондырғылар жергілікті климатқа төзімді. Болашақта археологиялық парктің қонақтары үшін сандық технологиялар арқылы ежелгі заманға саяхат жасау мүмкіндігі туады.
Күлтөбе қалашығы ежелгі Яссы қаласының бір бөлігі болған. Жоба мемлекетпен айрықша қорғалатын аумақта, ЮНЕСКО ұйымының Дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасында іске асырылатындықтан, қазіргі археологиялық зерттеулер ЮНЕСКО мен ИКОМОС ұйымдарының дүниежүзілік мұра саласындағы халықаралық сарапшылар қауымдастығымен ынтымақтастықта жүзеге асуда.
Түркістан облысында денсаулық сақтау нысандарын салу және күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды осы салаға жауапты басшыларды жинап, құрылыс барысын пысықтады. Медицина саласының инфрақұрылымын жақсартуда олқылыққа жол берілмеуі керек екенін айтты. – […]
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев шартты бұзғандарға шара барын ескертті. Облыс басшысы Өмірзақ Естайұлы Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын аралап, мердігерлермен кездесті. Оларға құрылысты ширатуды тапсырды және міндеттерін жіктеді. Аймақ басшысы келісім-шартта көрсетілген тиісті міндеттерді бұзғандарға, кестеден […]
Бүгінде еліміздің өнеркәсіп секторында жеңіл өнеркәсіптің жолы ауыр болып тұр, яғни қордаланған мәселесі көп сала. Әлеуметтік маңызға ие жеңіл өнеркәсіп саласы экономиканы түрлендіруге, әсіресе пайдалы қазбалар қорының азайып, мұнай бағасының төмендеген кезінде дағдарыс толқынына қарсы […]
Пікір қалдыру