Елімізде жалпы Түркістан облысының ауыл шаруашылық өнімдерінің алар орны ерекше. Себебі, ауыл шаруашылық өнімінің басым бөлігі оңтүстік аймақтан шығады. Сондықтан да жәрмеңкені алғашқы боп Түркістан бастайды.
Ақмола облысында Түркістан өңірінің агротуризм және экотуризм бағыты бойынша мүмкіндіктері таныстырылды.
«Jana dala/Green day 2024» атты мамандандырылған көрме-демонстрациясы Ақкөл ауданында екі күн қатарынан өтті. Оған ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, АҚШ, Франция, Германия елшілері және Қазақстан мен шетелдің 200-ден астам компаниясының өкілдері қатысты. Бірінші күні ауыл шаруашылығы саласының үздіктері марапатталды.
Іс-шараның екінші күнінде арнайы киіз үйлер тігіліп, әр аймақтың агросала және туризм саласындағы әлеуеттері таныстырылды. «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының Бас директоры Серік Сандыбаев ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевқа киіз үйде орналасқан агротуризм саласындағы өнімдерді таныстырды.
Түркістан облысынан консерві өнімдері, тосаптар, жеміс пюрелері, «Dala Fruit KZ» тарапынан жеміс шырындары қойылды. Сонымен қатар екі өңірдің туристік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, ішкі туризмді дамыту мақсатында ақпараттар беріліп, туристік орындары таныстырылды.
Ермек Боранбайұлы өз сөзінде Түркістан облысы туризм бағытын сөзбен емес, істеп дамытып жатқан өңір екенін айтып, Түркістанның туристік мүмкіндігін жоғары бағалады.
Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, агротуризм – негізгі туристік бағыттардың бірі екені көрсетілген.
Айта кетейік, аталған көрме 2013 жылдан бері дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді. Көрме қазақстандық және шетелдік агробизнес өкілдері арасында танымал және саладағы озық әзірлемелерді көрсету, тәжірибе алмасу, отандық, шетелдік ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер арасындағы іскерлік байланыстарды дамыту үшін тиімді алаңға айналған. Сонымен қатар көрме қазақстандық өнімдерді әлемдік нарықтарға шығаруға, аграрлық нарыққа инвестицияларды тартуға ықпалын тигізеді.
Түркістан облысы агроөнеркәсіп бойынша республикада көш басында. Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді. Спикердің сөзінше, биылғы жартыжылдықтың қорытындысымен жалпы ауыл шаруашылығы саласындағы өнім көлемі 216,9 млрд. теңгені құрап, өсім […]
Түркістан облысы шетелдік инвестицияны тарту мен өндіріс секторын дамытуда тың серпін алып келеді. Бұл жолы Түркияның жетекші фармацевтикалық компанияларының бірі — ORZAX өңірде биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) шығаратын ірі өндірістік кешен салуға ниетті екенін мәлімдеді. […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында стратегиялық маңызы бар міндеттің бірі – көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалану екенін атап өтті. «Стратегиялық маңызы бар міндеттің бірі […]
Пікір қалдыру