Полиция қызметкері – халықтың қорғаны. Қоғамдық қауіпсіздіктің кепілі. Еліне қызмет, жұртына қорған болар қызмет иелері жаңа ғимаратқа кірді.
ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденов жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Ол Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен бірге өңірлік полицияның жаңа ғимараттарын ашты.
Алдымен 100 мыңнан астам тұрғыны бар Сауран ауданында жаңа полиция ғимаратының ашылу рәсімі өтті. Үш қабатты нысанның жалпы ауданы 4 мың шаршы метрден асады. Ғимаратта жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалған. Онда азаматтарды қабылдау және тиімді қызмет ету үшін қажетті барлық заманауи жабдықтар қарастырылған.
Министр тарихи өлкеде қызмет атқарып, тұрғындардың тыныштығын сақтауға үлес қосып жүрген «Ұлттық ұлан» әскери қызметшілерінің қызметімен танысты. Тәуелсіздік жылдары Түркістан облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде 60-тан астам полиция қызметкері қаза тапқан. Олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Осы мақсатта департамент жанына ескерткіш орнатылды. Министр Ержан Саденов пен облыс әкімі Дархан Сатыбалды ескерткішке гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен батырларды еске алды. Сонымен қатар қонақтарға жаңа арнайы техника көрсетілді.
Ведомство басшысы жергілікті тәртіп сақшыларын жаңа жұмыс орындарымен құттықтап, бірқатар маңызды міндеттер жүктеді. Соның ішінде цифрлық технологияларды қолдану аясын кеңейту және жұмыс процестерін оңтайландыру бар. Одан бөлек қызметтік тәртіпті нығайтуға баса назар аударды. Полиция генерал-лейтенанты жаңадан ашылған қызмет көрсету орталығына барды. Орталықта бір уақытта 50 адамға қызмет көрсету мүмкіндігі қарастырылған. Мұнда полиция жұмысына қатысты халықтың мәселелері жедел қаралады.
Келес ауданында «Ауыл –Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 28 шақырымды құрайтын 30-қа жуық ішкі көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Біртілек ауылдық округінде — 18 көше, Ошақты ауылдық округінде — 7 көше, Қошқарата ауылдық округінде — […]
Түркістанда бой көтерген тарихи сәулет үлгісіндегі шығыс моншасы ашылды. Былтыр іргетасы қаланған нысан — Қызылорда облысының Түркістанға тартуы. Тарихи қаланың келбетіне көрік беретін шығыс моншасының жалпы аумағы 3000 шаршы метрден асады. Түркістан қаласында үздіксіз жүріп […]
Ағымдағы жылдың 9 айында 817 азаматтың арыз-шағымдары мен мекемелердің хаттары қаралып, олардың барлығына заңмен белгіленген мерзімде жауап берілді. Арыз-шағымдардың 36% — жалақы төлеу мерзімінің сақталмауына байланысты болса, 26% — еңбек шартын бұзу, 14% — еңбек […]
Пікір қалдыру