ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Бақыбек мөлтек ауданындағы 300 орындық заманауи мектептің құрылысы толық аяқталды. Қазіргі таңда қабылау жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов аталған білім ордасына арнайы табан тіреп, атқарылған жұмыстарды саралады.
Үш негізгі корпустан тұратын білім ұясында балаларға орта білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Іші толық қажетті құрал-жабдықпен жабдықталған, жаңа оқу жылына дайын. Жолды реттеу жұмыстары ғана қалып отыр. Аудан басшысы аталған мәселені тездетіп шешу мақсатында жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеп, мерзім белгіледі. Сонымен қатар білім бөлімінің мамандары мен тиісті мекеме басшыларына балалар қауіпсіздігін қатаң сақтау үшін мектеп айналасындағы құдықтардың бетін бітеп, трансформаторларды дереу қоршау қажеттігін ескертті.
Бұдан соң аудан әкімі қасбетін ретке келтіру жұмыстары жүріп жатқан Жанкент мектебіне арнайы барып, ол жердегі атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. Мектеп сыртын қаптау жұмыстары тамыз айының үшінші онкүндігінде толық аяқталып, жаңа оқу жылына пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Айта кетейік, бүгінгі таңда ауданда дәл осындай жеті мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, Алғабас мектебі аяқталған болса, Молдағұлова мектебінде жұмыс атқарылуда.
Аудан әкімі Ынтымақ ауылындағы А.Оразбаева мектебінде болып, жаңа оқу жылына дайындық барысын қадағалады. Өткен жылдан өтпелі болып, күрделі жөндеуден өткен мектептің директорына мектеп ауласын көріктендіру, көгалдандыру бойынша біршама ескертпелер жасады.
Айта кетейі,өңірдің білім беру ұйымдарының процесін автоматтандыру, бюджеттік өтінімдерін ұсынудың қадамдық тәртібін құқықтық реттеу, ақпараттық жүйені Ұлттық білім беру деректер қорымен біріктіру, жергілікті мемлекеттік аудит органдарына ақпараттық жүйеге қолжетімділік беру, сәйкес келмейтін жеке деректерді енгізу тәуекелдерін алып тастау сияқты міндеттерді жүзеге асырады. Сондай-ақ, Ұлттық тестілеу орталығының сертификаттары туралы деректер қорымен біріктіру, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмысқа келуін биометриялық сәйкестендіруді пайдаланумен бақылауды автоматтандыру және білім беру саласы қызметкерлерінің жұмыс уақытын есепке алу табелін автоматты түрде қалыптастыру үшін ақпараттық жүйені қызметкерлердің жұмысқа келуін бақылау жүйесімен біріктіру және басқа да жұмыстар жүргізіледі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*