Жылдың қай мезгілінде барсаң да, өзінің тамаша табиғатымен тамсандырып тұратын Төлеби ауданына жердің жәннаты деп баға беретіндер аз емес. Былтыр тұмса табиғатымен талайларды таңғалдырған Төлеби ауданына 90 жылдан асты. Аудан тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында көптеген жобалар жүзеге асырылып келеді.
Төлеби ауданында тағы бір демалыс аймағы іске қосылды. Жеке кәсіпкер Сакен Сәрсенов жеке қаражаты есебінен «Алтын балық» демалыс орнының құрылысын аяқтап, пайдалануға ұсынды.
Көксәйек ауылдық округі аумағында орналасқан құны 350 млн теңгені құрайтын демалыс орнында 4 коттедж, 10 сәкі бар. Аумағы 1,6 гектар. Кәсіпкер бұған қоса, балық шаруашылығын дамытып, 0.5 гектар аумақта 10 тоннадан астам сазан балығын өсіруде. Демалыс орнының ашылу салтанатына аудан ардагерлері, ел ағалары, ауыл халқы қатысып, лентасын қиды.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында туризмнің, әсіресе, эко және этнотуризмнің дамуына экономиканың маңызды саласы ретінде ерекше көңіл бөлуді тапсырған болатын. Эко туризм саласын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Айта кетейік, Төлеби ауданында туризм саласында 140 нысан қызмет көрсетеді. Былтырғы жылы 2,9 млрд теңге инвестиция тартылып, 8 жоба жүзеге асып, 42 жұмыс орны ашылған. 2024 жылы инвестиция көлемін 1,8 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда. Құны 220 млн теңгені құрайтын 2 жоба іске қосылып, 10 тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Олар: Біркөлік демалыс аймағынан ашылатын демалыс орны және Біркөлік шатқалынан ашылатын қонақ үй құрылысы.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданындағы селден зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, жағдайды бақылап қайтты. Бұл аумақта қатты жауған нөсерден өзен суы арнасынан асып, бірнеше көшелерді су шайған болатын. Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбековтің басшылығымен тасқын […]
Түркістан облысы Төлеби ауданында ауыл тұрғындары өз күштерімен блок-бекеттер қойып жатыр. Сөйтіп елдімекендердегі қауіпсіздік шараларын төлебиліктер бірлесе қолға алуда. Жергілікті билікпен келісе қолға алған бұл бастаманың басты мақсаты-ел саулығы, тұрғындардың амандығы. Осылайша Төлеби ауданының тұрғындары коронавирус […]
Түркістан облысында халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Мемлекеттік бағдарламалар аясында еңбек нарығын тұрақтандыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету және әлеуметтік әл-ауқатты арттыруға басымдық берілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімінің тапсырмасымен қатаң […]
Пікір қалдыру