Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдайтын жыл сайынғы Жолдауында өңірлер мен елді мекендерде бұқаралық спортқа, дене шынықтыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып денсаулығы мықты ұрпақ тәрбиелеуге басымдық беріп, әр аудан орталықтарында спорт алаңшаларын ашу жайындағы бастамасын жүзеге асыруды жүйелі түрде жүргізіп келе жатқан Жетісай ауданында тағы бір спорт алаңшасы қолданысқа берілді.
Қарақай ауылдық округінде пайдалануға берілген спорт алаңшасының салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, ауыл балаларына зиянды әдеттерден бойларын алыс ұстап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, дене шынықтырумен шұғылдануға шақырдым.
Жергілікті бюджеттен қаралған 20 млн 193 мың теңгеге салынған спорт нысанының құрылысы өткен жылдың қазан айында басталып, 11 айда ел игілігіне тапсырылып отыр. Мұнда ауыл балаларының бос уақыттарын тиімді пайдаланып, футболдан түрлі жарыстар өткізуге мүмкіндік қарастырылған.
Сала ардагерлері мен ауыл ақсақалдарының батасымен лентасы қиылған спорт алаңшасында 2010 – 2011 жылдары туылған жасөспірімдер арасында футболдан «Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» ұранымен ауданның ашық біріншілігі өтіп, 5 команда қатысты.
Жетісай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыу және спорт бөлімінің «Жетісай спорт клубы» мекемесінің ұйымдастыруымен өткен біріншілікте М.Байзақов жалпы орта мектебінің оқушыларынан құрылған «Жетісай спорт клубы» жүлделі ІІІ орынды иеленсе, М.Мәметова мектебінің теңбіл доп шеберлері ІІ орынға табан тіреді. Ал, І орынды қанжығасына байлаған «Жетісай спорт клубы» құрамасы біріншіліктің жеңімпазы атанды.
Ауданда мектептер мен арнаулы орта оқу орындарының алаңшаларынан бөлек 77 ашық алаңша болса, оның 49-ы мемлекеттік, 28-і жеке азаматтардың меншігінде. Ағымдағы жылы жеке инвесторлар мен бюджет есебінен салынуы жоспарланған 13 спорт нысанының бүгінде 3-і пайдалануға берілсе, 4 нысанның құрылысы жүргізілуде, тағы 6 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары атқарылуда.
Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай спорт клубы» КММ мен Мұхамеджан Бейсенбайұлының ұйымдастыруымен Жетісай қаласындағы «Бекзат Саттарханов» атындағы көпбейінді спорт кешенінде ересектер арасында волейболдан ауданаралық турнир болып өтті. Жетісай, Мақтаарал […]
Жетісай ауданының үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов аудан тұрғындарына жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға аудан басшысымен қатар аудан әкімдігі аппаратының басшысы Есен Алданиязов пен аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Сакен Жайлыбаев, […]
Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі тарапынан аудандағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктер мен қаржы институттары тарапынан көрсетілетін қолдаулар жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, бүгінде қаржы инсититуттары арқылы […]
Пікір қалдыру