«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестиваль аясында Түркістан қаласында өтетін Жетісай ауданының мәдениет күндері басталды.
Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков пен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен Жетісай көшінің шымылдығы «Этноауыл» аумағында аудан суретшілері мен қолөнер шеберлерінің, отандық ақын-жазушылардың туындылары мен шетелдік қаламгерлердің аудармаларынан кітап көрмесі және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесімен ашылды. Шара барысында ауданның қылқалам және қолөнер шеберлерін қатыстыра отырып, сурет салу, қолөнер бұйымдарын дайындау жұмыстары көпшілік назарына ұсынылып, қала тұрғындары мен Үндістан мен Түркия, Австралия мен Польша, Корея, АҚШ елдерінен келген қонақтардың оң бағасын алды. Сонымен қатар «Салт – дәстүрім салтанатым» атты ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты көріністер сахналанды. Ұлттық спорт түрлерінен арнайы сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар қаржылай және заттай бағалы сыйлықтарға ие болды.
Сан ғасырлардан бері сақталып, ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп беріліп келе жатқан ұлттық мәдениет пен өнерімізді дәріптеу, өлкенің туристік әлеуетін дамытуды мақсат еткен фестиваль аясында өтіп жатқан Жетісай ауданының мәдениет күндері екі күнге жалғасады. Ертең, яғни, 24 тамыз күні «Этноауыл» аймағында сағат 10:00-де «Байтақ елім, Қазақстан!» атты Жетісай ауданы шығармашылық өнер мектептерінің концерттік бағдарламасы өтсе, 12:00-де «Асықата» халық театрының «Салт-дәстүр – салтымыздың салтанаты» атты көрініс қойылады. Ал, сағат 19:00-де «Керуен сарай» аумағында «Түркістаным – Тұраным, Жетісайым – Жұмағым» атты аудан өнерпаздарының гала-концертімен қорытындыланатын болады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы» жобасы бойынша Астана-Қонаев-Түркістан бағытында пресс-тур басталған болатын. Жоба аясында Түркістан өңіріне іссапармен келген экспедиция делегаттарымен бірқатар іс-шаралар өтті. Жоба мақсаты – Қазақстан этностары өкілдерінің достығы мен […]
Жетісай ауданы Қарақай ауылдық округіне қарасты Сәтбаев елді мекенінде сүт өнімдерін өндіретін «МЕДЕТ СҮТ» ЖШС өз жұмысын бастады. Аталмыш цех 1 тәулікте 30 тоннаға дейін сүтті өңдей алады. Қазіргі таңда күніне 3-5 тонна аралығында сүтті […]
Қазіргі таңда «Жасыл Түркістан» мекемесінің ұжымы мен жұмысшыларының күшімен 4633 түп ағаш көшеті отырғызылды. Бұл көшеттер қаладағы Абылай хан сквері, Балтакөл тас жолы бойы, Отырар мөлтек ауданы, Орталық мешіт маңы және Цифрализация сияқты орындарда егілді. […]
Пікір қалдыру