Жетісай ауданының үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов аудан тұрғындарына жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауға аудан басшысымен қатар аудан әкімдігі аппаратының басшысы Есен Алданиязов пен аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Сакен Жайлыбаев, дербес бөлім басшылары мен қала, ауылдық округ әкімдері, тиісті сала мамандары қатысты. Базынасын айтып келген тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй алу және оның кезегі, мемлекеттік атаулы әлеуметтік және демеушілер есебінен қаржылай, материалдық көмек алу, кәсіпкерлік саласын дамыту, қаланың санитарлық тазалығы, ақылы қоғамдық және мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналасу секілді өтініштерін жеткізіп, көмек сұрады.
Аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған әрбір өтініштері мен ұсыныс пікірлері бойынша заң аясында кеңестер беріп, мәселені шешу жолдарын ұсынды. Тұрғын үй алу және оның кезегі заңға сәйкес жылжып, кезегімен берілетіні түсіндірілді. Жұмысқа орналасу үшін Жетісай аудандық «Мансап» орталығының кіші ақпараттық жүйесіне жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, жұмыссыздық мәртебесін алғаннан соң бос жұмыс орындарына жолдануға мүмкіндік бар екендігін айтты.
Сонымен қатар, Серік Үсенұлы жауапты сала басшыларына арнайы тапсырмалар беріп, тұрғындардың өтініштерін мүмкіндігінше қанағаттандыруды тапсырды.
Жетісайлық шаруалар биылғы жылы 79,3 мың гектар суармалы жердің 40,8 мың гектарына мақта шитін сепсе, 20,1 мың гектар жерге бақша, 7,2 мың жерге дәндік жүгері, 3,3 мың га жерге көкөніс пен 6,3 мың гектар алқапқа […]
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері қатысты. Аудан аумағындағы заңсыз адам тасымалымен айналысатын автобекеттер мен жеке такси жүргізушілерінің жұмысын тоқтату, […]
Биылғы жылы Жетісай ауданында 79,3 мың гектар суармалы жердің 40,9 мың гектарына мақта шикізаты, 19,7 мың гектарына бақша, 3,4 мың гектарына көкөніс, 11,1 мың гектарына мал азықтық дақылдар егілген. Бүгінгі таңда бақша, көкөніс, жеміс-жидек және […]
Пікір қалдыру