Жетіай ауданының әкімі Серік Мамытов, білім күні қарсаңында ауданның білім ошақтарында қызмет етіп жүрген мұғалімдерді білім күнімен құттықтады. Ол өз құттқтауын «фэйсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазды.
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар мен барша қазақстандықтар!
Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты мереке – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн әсіресе, балалардың көптен күтетін мерекесі.
Өйткені, әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді: мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушылары, өзі армандаған мамандыққа қол жеткізген ЖОО мақтанышпен келген мектеп қабырғасын жаңа ғана аяқтаған түлектер, осы күйді екінші рет бастан кешіп отырған ата-аналар.
Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни, 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады. Бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы бастау алатын жауапты кезең бастамасы. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге әрбір бүлдіршіннің жеке тұлға ретінде қалыптасу кезеңі басталады.
Өткен оқу жылында 4 мыңға тарта бүлдіршін 1-сыныпты, 3940 бітіруші 9-сыныпты, 3060 бітіруші 11-сыныпты бітіріп, 246 бітірушіміз «Үздік аттестат», 190 бітірушіміз «Алтын белгі» иегері атанған. Ал, биылғы оқу жылында 4215 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттаса, 3295 бүлдіршініміз мектепалды дайындық топтарында тәрбиеленетін болады. Биылғы оқу жылын былтырғыдан да жоғары нәтижелермен қорытындылаймыз деп үміттенемін.
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл-күй, жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларыңызға тек қана сәттілік тілеймін!
80 мың гектарға жуық суармалы жері бар Жетісай ауданында биылғы жылы 40,8 мың гектарға жуық жерге мақта, 19,7 мың гектар жерге бақша, 3,4 мың гектар жерге көкөніс, 7,3 мың гектар жерге дәндік жүгері мен 6,6 […]
Бүкіл әлемдегі сияқты біздің елде де энергия өндіру қажеттілігі жыл сайын артып келеді. Сонымен бірге қоршаған ортаға энергия өндірудің зияны тиіп, экологиялық ахуал нашарлауда. Баламалы энергия көзі болған күн және жел энергетикасын дамыту және өндіру […]
Жетісай ауданының үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов аудан тұрғындарына жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға аудан басшысымен қатар аудан әкімдігі аппаратының басшысы Есен Алданиязов пен аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Сакен Жайлыбаев, […]
Пікір қалдыру