Жетісай ауданында «Мектепке жол» республикалық акциясы ұйымдастырылды. Аталған акцияда кәсіпкерлер аз қамтылған және көпбалалы отбасыда өсіп жатқан балаларға мектепке қажетті жабдықтарды төмен бағада ұсынды.
Жетісай ауданы әкімдігі мен аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен акция барысында мектеп оқушыларына сабаққа қажетті оқу құралдары, кітап-дәптерлері мен қалам-сөмкелері, мектеп формалары нарықтағы бағадан арзан бағада сатылды. Акцияға мыңнан астам ата-аналар қатысып, жалпы саны 50-ге жуық кәсіпкер мен өндірушілер және сатушылар тарапынан кеңсе тауарлары мен мектепке қажетті заттар 105-20 пайыз төмен бағада сатылды.
-Акцияның негізгі мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы отбасы балаларына мүмкіндігінше көмек көрсету. Жақсылық жасауға кәсіпкерлерді жұмылдыру, — деді аудан әкімі Серік Мамытов.
Жетісай қаласындағы Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының ауласында өткен акция барысында аудандық білім бөлімі кәсіподағы мен жергілікті жомарт жандардың демеушілігімен 120 балаға мектеп формасы мен қажетті құрал-жабдықтары тегін үлестірілді. Одан бөлек, «AMANAT» партиясынан аудандық мәслихатқа сайланған депутаттар «Балаларды мектепке даярлайық» акциясы аясында 90 бүлдіршінге демеушілік жасаса, тағы 150-ге тарта баланы қуантуды жоспарлап отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында билік пен бұқара арасындағы байланыстың ашықтығын нығайту мақсатында, тұрғындармен тікелей қарым-қатынаста болу үшін бекітілген кестеге сәйкес Атамекен ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді. Халықты […]
80 мың гектарға жуық суармалы жері бар Жетісай ауданында биылғы жылы 40,8 мың гектарға жуық жерге мақта, 19,7 мың гектар жерге бақша, 3,4 мың гектар жерге көкөніс, 7,3 мың гектар жерге дәндік жүгері мен 6,6 […]
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасымен бүгінде үрдіске айналған сенбілік жұмыстары ауданның көркеюіне өзіндік үлесін қосуда. Бүгін аудандағы қала, кент, барлық ауылдық округтерде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында өткен сенбілік жұмыстарына мемлекеттік және квазимемлекеттік […]
Пікір қалдыру