РЕФЕРЕНДУМ — БОЛАШАҚ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Референдум қазақстандықтардың қалауымен шешіледі және оның нәтижесінің қандай болатыны — біздің еркін де демократиялық таңдауымыз болмақ.

Уақыт өз шарттарын белгілейді және тұтас мемлекеттердің өмір сүру режимі оның ішкі мақсаттары мен міндеттерін өзгертеді. Еліміз ХХ ғасырдағы сілкіністерден аман өтіп, репрессиялық тоталитарлық режимнің құрсауынан шыға отырып, еркін, сенімді қадамдарымен дамып келе жатқан, демократиялық негіздер мен дәстүрлерді бойына сіңірген тәуелсіз мемлекетке айналды.

Заманауи атом электр стансасын салу күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе. Себебі, АЭС – таза энергия көзі және қоршаған ортаға зияны аз. Түпкілікті шешім Қазақстан халқының осы маңызды мәселені айқындайтын алдағы референдумның нәтижесіне байланысты болмақ. Азаматтардың пікірін ескеру атом энергетикасы саласындағы сауатты саясатты қалыптастыруға да ықпал етеді.  Бүгінде еліміз бойынша референдумға қызу дайындық үстінде. Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданы да өз үлесін қоуға сақадай сай. Мемлекет басшысының жолдауы негізінде барлық ережелер мен талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ететін болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*