Жетісай ауданының аумағында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің 11.09.2024 жылғы №2586 санды хатына сәйкес «Бүкіләлемдік тазалық күні» аясында ауқымды сенбілік өтті. Аталмыш сенбілікке мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардан, кәсіпкерлік нысандар мен еріктілерден 1400-ге тарта адам қатысып, 20 техника жұмылдырылды.
Негізінен жетісайлықтар облыстық және ауданаралық автомобиль жолдарының бойлары мен көппәтерлі тұрғын үйлердің, саябақтар мен скверлердің, гүлзарлар мен тұрғындар жиі жүретін аймақтарға жасаған санитарлық тазалық жұмыстары барысында 40 тоннаға тарта қатты тұрмыстық қалдықтар шығарды.
«Біз бүгінде аудан әкімі Серік Үсенұлының тапсырмасымен әр аптада сенбіліктер өткізіп, қоқыс тазалауды емес, керісінше сол қоқыстарды болдырмаудың жолдарын қарастырып жатырмыз. Жер-жерлерде тұрғындармен кездесулер өткізіп, ауыл, көше билерімен бірге түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Тұрғындар көп шоғырланатын жерлерге үнпарақшалар ілудеміз. Көшелерге бейнебақылау камераларын орнатып, белгіленбеген орындарға қоқыс тастағандарға айыппұлдар салынуда» дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетов.
Қазағымызда «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген жақсы сөз бар. Расымен де саялы ағаш егіп, балаға мирас болатын бұл дәстүр осы уақытқа дейін өз өміршеңдігін жойған емес. Шымкент — жасыл желекті қала. Қаланың көркіне көрік […]
Түркістан облысында жібек кластері пилоттық жоба ретінде дамиды. Жетісай ауданында тұт өсіру арқылы жібек құртын өндіру ісі қолға алынып, өткен жылы көршілес Өзбекстан елінің Әндіжан қаласынан әкелінген жапондық «Ашима» сортының алғашқы 10 мың данасы егілген […]
Шымкент қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын белсенді түрде қолдап, экологиялық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге атсалысып жатыр. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бұл бағдарлама экологиялық мәдениетті көтеруге, жастарды Отаншылдық рухында тәрбиелеп, ел мен жерге […]
Пікір қалдыру