Санаулы күндерден соң жаңа оқу жылы басталады. Жылдағы жағдай бойынша оқу жылы аяқталысымен қажеттілігіне қарай мектептерге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа оқу жылына дейін толық тапсырылуы тиіс.
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов аудандағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар білім беру нысандарында болып, жаңа 2024-2025 оқу жылына дайындығымен танысты. Нысандарды аралау барысында мердігер мекеме өкілдерімен, мектеп директорларымен және ауыл билерімен тілдесті. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан оқу ғимараттарының, спорт залы мен жылыту қазандықтарының, орнатылған бейнебақылау камералары мен турникеттердің, ішкі әжетханалар мен кәріз жүйесінің жұмысқа жарамдылығын тексеріп, мектеп аулаларының тазалығы мен спорт алаңшаларының жағдайын көрді. Анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жойып, олқылықтардың орынын толтыруды, жаңа оқу жылына барлық мектептердің жөндеу жұмыстарын тәмамдауды тапсырды.
Мұнан соң Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов тиісті сала басшыларымен бірге қаладағы орталық саябақта болып, ойын аттракциондарының қауіпсіздігімен танысты. Саябаққа келуші тұрғындармен тілдесіп, сын-ескертпелеріне назарға алып, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
«Кәсіпкерлер жұмысын заңды істеп, табысын адалынан табу керек. Бірінші кезекте келушілердің, балалардың қауіпсіздігін қатаң сақтаңыздар. Рұқсат етілмеген жерлерге кіруге болмайтыны жайлы тыйым салу белгілерін орнатыңыздар» деді аудан басшысы кәсіпкерлермен кездесу кезінде.
Сонымен қатар, Серік Үсенұлы саябақтағы әрбір ойын аттракциондарына арнайы қоршау орнатуды, өрт және техника қауіпсіздігін, санитарлық тазалықты қатаң сақтауды, ескі құрылғыларды қолданыстан шығарып, тиісті органдар тарапынан мақұлданған заманауи жабдықтарды ғана қолдануды тапсырды.
Арнайы тексеріс барысында орталық саябақтағы 50-ге тарта ойын аттракциондарының 70 пайызында қауіпсіздік ережелерінің толық сақталмағандығы анықталды.
Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында билік пен бұқараның арасындағы байланыстың ашықтығын нығайту, қоғамды одан әрі демократияландыру мақсатында бекітілген кестеге сәйкес Жетісай ауданының әкімі […]
Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасымен бүгінде аудандағы мақта терім науқанына қызу дайындық жұмыстары жүргізілуде. Нақтырақ айтар болсақ, 25 мың гектарға жуық жерге дефолиациялау жұмыстары жүргізіліп, 715 дана тракторлардың, 897 дана трактор тіркемелерінің, 61 дана […]
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат хатшысы Медет Қасымов жауапты сала мамандарымен бірге қаланың санитарлық тазалығы мен жүргізіліп жатқан абаттандыру шараларының барысымен танысып, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті тапсырмалар берді. Алдымен аудан басшысы […]
Пікір қалдыру