Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат хатшысы Медет Қасымов жауапты сала мамандарымен бірге қаланың санитарлық тазалығы мен жүргізіліп жатқан абаттандыру шараларының барысымен танысып, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті тапсырмалар берді.
Алдымен аудан басшысы 2013 жылы қолданысқа берілген «Абай» гүлзары мен «Тәуелсіздік» монументі аумағында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын көрді.
Жергілікті қазынадан қаралған 30 млн теңгеге демалыс орнының жалпы аумағы 1000 шаршы метр аяқ жол салынып, 30 дана жарықшамдар мен автоматты суландыру жүйесі жаңартылатын, ыстыққа шыдамды газондар егілетін болады. Негізгі жұмыстарды жүргізіп жатқан аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің «Жетісай қызмет» мекемесінің жауаптыларымен жүздескен Серік Үсенұлы жұмыстың сапасына аса мән беру қажеттігін ескертті.
«Жетісай қаласының қақ төрінде бой көтерген «Абай» ескерткіші жастардың рухани, мәдени орнына айналуы керек. Ұлы ақынның тау тұлғасы мен «Тәуелсіздік» монументі, «Құрметті азаматтар аллеясы» мен «Даңқты азаматтар аллеясы» біздің әдебиетіміз бен мәдениетіміздің, тарихымыздың шежіресіне айналып, жастарымызды білімге, адамгершілік пен еңбекке шақырып тұруы тиіс. Уақытқа емес, сапаға жұмыс істеңіздер. Сонда ғана ел алғысын аласыздар» деді аудан басшысы.
Сонымен қатар, қала көшелеріндегі, әсіресе, арық-атыздар мен көппәтерлі тұрғын үйлердің маңындағы санитарлық тазалық жұмыстарына, бей-берекет ілінген жарнамалық хабарламаларға талдау жүргізді. Кездескен кемшіліктерді көп ұзартпай жоюды, кәсіпкерлік нысандарға жұмысын жүргізуде қаланың көркін бұзбауды ескертті. Шаһар басшысына абаттандыру жұмыстарын жүргізуде жаңаша жобалар жасау керектігін айтты.
Сонымен қатар, бүгінде Жетісай қаласында жеке тұрғын үй секторларынан бөлек 136 көппәтерлі тұрғын үйлер, жалпы ұзындығы 200 шақырымға жуық 175 көше мен 34 шақырымды құрайтын арық-атыздар бар. Арнайы белгіленген 18 қоқыс тастау орындарында 200-ге тарта қоқыс контейнерлері қойылғанымен кейбір азаматтар қоқысты көшеге тастауды әдетке айналдырған. Енді, заң мен тәртіпке мойынсұнғысы келмейтіндерді анықтап, тиісті шара қабылдау үшін қала ішіне 30 бейнебақылау камералары орнатылуда.
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қала, кент және барлық ауылдық округтерде ауқымды сенбіліктер ұйымдастырылды. Негізгі тазалық жұмыстары Қызылқұм, Ж.Ералиев және Ш.Ділдәбеков ауылдық округтерінің аумағынан өтетін Шардара су […]
Негізгі табысы мен күнкөрісі агросектормен тікелей байланысты Жетісай ауданында биыл 79,3 мың гектар жерге егілген ауыл шаруашылығы дақылдарының 40,8 мың гектарға жуығы мақта дақылы болса, 19,7 мың гектары бақша, 3,4 мың гектары көкөніс, 7,3 мың […]
Төтенше жағдай 28 қаңтары күні орын алған, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жетісай ауданында «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің мұғалімдерінің семинары өткен. Аталған шарадан қайтып келе жатқан төрт мұғалім […]
Пікір қалдыру