Жетісай ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық жалпыұлттық акциясы аясында бүгін Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде аудандық сенбілік өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған шараға аудандағы барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлерімен қатар аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат аппараты қызметкерлері мен жергілікті депутаттар, округ тұрғындары қатысты.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тарапынан бөлінген секторларда қатты тұрмыстық қалдықтар жиналып, шөптер шабылды. Арық-атыздар тазаланып, қураған ағаштар қырқылды.
Айта кетейік, аудан әкімінің тапсырмасымен өткен тазалық жұмыстарына 500-ге тарта жетісайлық пен 10 техника жұмылдырылып, 30 тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Жетісайда 1 қыркүйек – «Білім күні» мерекесіне арналған мереклік шара өтіп, алғашқы қоңырау соғылды. Мерекелік шараға аудан әкімі Серік Мамытов пен аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Шоқан Адайдеков Асықата кентіндегі «Қайнар» мектеп-гимназиясында өткен […]
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Жетісай ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-87 «Кетебай-Қараөзек-Атамекен» автомобиль жолынының 15,5 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жолдың жөндеу жұмыстары Атамекен елді мекенінен басталған. Қазіргі таңда мердігер мекеме […]
Төтенше жағдай 28 қаңтары күні орын алған, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жетісай ауданында «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің мұғалімдерінің семинары өткен. Аталған шарадан қайтып келе жатқан төрт мұғалім […]
Пікір қалдыру