Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен 2024 – 2025 жылғы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын үйлестіру мақсатында арнайы жиын өтті. Басқосуға аудан әкімінің орынбасарлары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары қатысты.
Серік Үсенұлы өз сөзінде аудандағы мектептер мен мәдениет ошақтарындағы, денсаулық сақтау мекемелеріндегі қажетті көмір отынымен қамтамасыз ету шараларын тездету керектігін айтты.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетовтың мәліметінше биылғы жылы жалпы аудан бойынша алынуы жоспарланған 37 917 тонна көмірдің 31 586 тоннасы тұрғындардың, 6331 тоннасы бюджеттік мекемелердің қаеттіліктерін қамтамасыз етеді. Бүгінде сұраныстың 564 тоннасы ғана тасымалданған.
Өткен жылы елді мекендерді табиғи газға қосу жұмыстарының жүйелі жүргізілуінің нәтижесінде қатты отынға деген сұраныс 2023 жылмен салыстырғанда бюджеттік мекемелерде 14,5 пайызға, тұрғындар арасында 25,6 пайызға төмендеп, 184 бюджеттік мекеменің 114-іне сығымдап шаю жұмыстары жүргізілген.
Сонымен қатар, аудандағы 9 бюджеттік мекеменің жылу жүйелерін табиғи газға ауыстыру үшін облыс қазынасынан 230 млн 870 мың теңге қаралып, 3 денсаулық сақтау нысанының мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталған. Қалған 6 білім беру нысандарына мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылуда.
Жиын соңында аудан басшысы тамыз айының соңына дейін қажетті қатты отын көлемінің толықтай тасымалдануын, көмір сақтау қоймаларында техника және өрт қауіпсіздігі ережелерінің қатаң сақталуын бақылауды тапсырды. Жылу жүйесінде кемшіліктері бар салаларға қазан айының бірінші жартысында қысқы маусымға толық дайын болу керектігін ескертті.
Жетісай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан облысының құрылуына 6 жыл толуына орай волейболдан қыздар арасында Түркістан облысының VI спартакиадасы болып өтті. «Бекзат Саттарханов» атындағы спорт кешенінде өткен байрақты бәсекенің […]
Түркістан облысы – еліміздің аграрлық әлеуеті жоғары, егін және бақша шаруашылығы дамыған өңірлерінің бірі. Әсіресе, оңтүстік өңірдегі Жетісай ауданы жыл сайын егістік көлемін арттырып, ерте өнім берумен ерекшеленіп келеді. Биыл жетісайлық диқандар 79,3 мың гектар […]
Бүгінде шағын және орта кәсіпкерлік саласының дамуына барынша жағдай жасалып, мүмкіндіктер қарастырылған. Әйтсе де, жасалатын бизнес заңды, адал болуы керек. Осы орайда ауданда рұқсатсыз ашылған сауда орындарының қызметін тоқтатуға, бақша мен көкөністердің құрамында нитратты заттардың […]
Пікір қалдыру