Соңғы жылдары елді мекендер мен ауданаралық жолдарды қалпына келтіру, тас төсеп, асфальттау, тозығы жеткен немесе жаңадан салынған көшелерде тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында Жетісай ауданында ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Ауданның кіре беріс қақпасы саналатын Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің 13 елді мекенінде жалпы ұзындығы 77,6 шақырымды құрайтын 114 көше бар.
Өткен жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында округтегі Сұлубұлақ елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 4,07 шақырымды құрайтын 6 көшеге, жергілікті бюджет есебінен Қызылтаң елді мекеніндегі ұзындығы 0,94 шақырымды құрайтын Балдаурен көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биылғы жылы Сырабат елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 7,2 шақырымды құрайтын 10 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов жауапты сала басшыларымен жаңадан салынған жолдардың сапасы мен барысын көріп, арнайы танысып шықты. Тұрғындармен тілдесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Сонымен қатар, қазіргі таңда Байдала елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 1,2 шақырымды құрайтын Есімов, Қызылтаң елді мекенінде ұзындығы 0,65 шақырымды құрайтын Тазалық, Кемер елді мекеніне қарасты жалпы ұзындығы 1,56 шақырымды құрайтын Азаттық, Табыс, Бағбан көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттамасы әзірленіп, ведомстволық сараптама қорытындысын алу жоспарлануда.
Жетісай ауданында «Мектепке жол» республикалық акциясы ұйымдастырылды. Аталған акцияда кәсіпкерлер аз қамтылған және көпбалалы отбасыда өсіп жатқан балаларға мектепке қажетті жабдықтарды төмен бағада ұсынды. Жетісай ауданы әкімдігі мен аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен акция барысында […]
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері қатысты. Аудан аумағындағы заңсыз адам тасымалымен айналысатын автобекеттер мен жеке такси жүргізушілерінің жұмысын тоқтату, […]
Жетісай ауданы, Қызылқұм ауылдық округіне қарасты Датқа елді мекенінде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің №42 өрт сөндіру бекеті ашылды. Ғимараттың ашылу салтанатына Жетісай ауданының әкімі Серік […]
Пікір қалдыру