Спорт – денсаулық кепілі. Мемлекетімізде ел тұрғындарының арасында дене шынықтыру мен спорт саласын кеңінен насихаттап, бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлуінің нәтижесінде спортты жанына серік етіп, түрлі деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындарға жетіп жүрген жасөспірімдердің саны күн санап артып келеді.
Өйткені, спорт – біріншіден, мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын айқындайтын көрсеткіш болса, екіншіден, азаматтардың өмір сүру ұзақтығын қалыптастыратын, саламатты ұрпақ тәрбиелеудің негізгі тетігі есептеледі.
Ел ертеңі саналатын жастарды спортқа баулу мақсатында нәтижелі жұмыс жүргізіп келе жатқан «Жетісай спорт клубы» КММ бүгін 2023 – 2024 оқу жылында халықаралық, республикалық, облыстық дәрежеде өткен дүбірлі додаларда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп жүрген жасөспірім спортшыларды марапаттап, сый-сияпат жасады.
Аталмыш шараға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев, ауданның төбе биі, спорт ардагері Жахангир Айнабеков, «Алпамыс батыр», «Көк Түріктер қағанаты» республикалық қоғамдық қорларының Президенті, «Ерен Еңбегі үшін» медалінің иегері, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, кәсәпкер-меценат Бауыржан Оңғарбаев пен «Жетісай спорт клубы» КММ директоры Таласхан Битуреев, бапкерлер мен ата-аналар қатысты.
Аудан мерейін үстем етіп, өткізілген спорттық жарыстарда жүлдегер атанған саңлақ спортшыларды ұлықтау, жетістіктерін кейінгілерге үлгі ету мақсатында «Жетісай спорт клубы» КММ директоры Таласхан Битуреевтің алғыс хаттары, «Алпамыс батыр» республикалық қоғамдық қорының «Бекзат Саттарханов» атындағы медалі мен қор төрағасы Бауыржан Оңғараевтың арнайы қаржылай жүлделері табыс етілді.
«Спорт – тәрбие құралы. Жас ұрпақтың жүрегіне Отансүйгіштік сезімін қалыптастыру үшін таптырмас көмекші. Себебі, спортты жақсы көрмейтін бала кемде-кем. Спортты сүю, оны серік етуге баулу арқылы балаға тек салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймаймыз, сонымен қатар, бойларында еңбекқорлық, төзімділік, әділдік сияқты жоғары қасиеттерді де қалыптастырамыз. Спортпен айналысатын жастар көшенің теріс ықпалынан алшақтап, зиянды әдеттерден аулақ болады» дейді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев.
Әрбір істің қайтымы болғанындай спортшыларға көрсетілген құрметтің қайтарымы – байрақты бәсекелерде ел абыройын асқақтатып, Әнұранымызды көкте шырқатар саңлақтардың сапында болу. Аталмыш салтанатты шарадағы марапат әрбір спортшының алдына осындай мақсат қойғандай.
Негізгі табысы агросектор саналатын Жетісай ауданында ауыл шаруашылығы саласын, оның ішінде ағын су бағасын тұрақтандыру, жеңілдетілген жанар жағар май мен минералды тыңайтқыштардың уақытылы жеткізілуін қамтамасыз ету, егістікке қажетті ағын су тапшылығын төмендету үшін каналдарды жөндеуден […]
Мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі болған «Конституция күні» мерекесінде Жетісай ауданында 90 отбасыға баспана кілтін тапсырып, үздік қызметкерлерді марапаттадым. Еліміздің өркендеп дамуының басты құжатына айналған, бүкіл […]
Жетісай ауданының мақта дақылын өндіруші шаруаларының мәселесін оңтайлы шешу мақсатында өңірдің мақта өңдеу зауыттары мен ауданның ірі шаруа қожалық төрағаларымен кездесу өткізді. Ашық әңгіме барысында мақта шарушылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, аудан басшысы тарапынан тиісті […]
Пікір қалдыру