Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы Мақтаарал ауданында бесленді жалғасуда.
Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында көгалдандыру және тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Осы ретте ауданға қарасты 2 кент пен 9 ауылдық округте сенбілік жұмыстарын тұрақты жүргізу бойынша арнайы жоспар бекітілген. Жоспар бойынша өткен сенбі күні аудан бойынша барлық кенттер мен округтерде сенбілік жұмыстары өтті.
Ауданның кіреберісі саналатын Азаттық ауылынан Атакент кентіне дейінгі, Атакент кентінен Мырзакент кентіне дейінгі республикалық маңызы бар А-15 автожолының бойы және Мырзакенттен Жетісайға дейінгі облыстық маңызы бар КХ-100 автожолының бойында тазалық жұмыстары жүргізіліп, арам шөптерден тазаланды.
Акцияға аудан әкімі аппараты, ауданның дербес бөлімдері, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдіктері, жалпы мемлекеттік қызметкерлер және дербес бөлімдерге қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, қоғам белсенділері, жалпы аудан тұрғындары қатысты.
Сенбілікте автожолдардың бойы жабайы шөптерден тазартылды. Аялдамаларға әктеу-сырлау жұмыстары атқарылып, билбордтар және жарықшам бағаналар жөнделді.
Жалпы 30 км-ден астам жол жиектері арам шөптерден тазартылды. Сонымен қатар, ағаштар ақталып, аялдамаларға әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді. 8 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы ретке келітіріліп, сыртқы қасбеттері боялды. 4 мыңға жуық ағаш ақталды.
Атқарылған жұмыстарға белсенді жастар мен еріктілер де атсалысты.
Жетісай ауданының аумағында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің 11.09.2024 жылғы №2586 санды хатына сәйкес «Бүкіләлемдік тазалық күні» аясында ауқымды сенбілік өтті. Аталмыш сенбілікке мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері […]
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында тасқын су деңгейі едәуір төмендей бастады. Бұл туралы онлайн брифингте облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді. Жалпы 6128 тұрғыны бар 5 елдімекенді су басқан болатын. Олар: Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас […]
Қоршаған ортаны қорғау мәселесі қазіргі қоғамда ерекше маңызға ие. Қалалардың экологиялық жағдайы мен тазалығы тек көріктілігін ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың денсаулығы мен өмір сүру сапасын анықтайды. Осы себепті, қала әкімдігінің қолдауымен Шымкент қаласында өтетін […]
Пікір қалдыру