Бұл сайыс бұынғысынан өзгерек. Ерекше форматта шахмат сайысы өтті. Интеллектуалды ойында қалалық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығынан» қызмет алушы зейнеткерлер мен қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» жас шахматшылары шаршы тақтада сынға түсті.
Шахмат сайысының мақсаты – ұрпақтар сабақтастығы, зияткерлік ойынды дамытып, кеңінен насихаттау. Спортқа деген қызығушылықты арттырып, жас дарындарға қолдау көрсету.
Ардагерлердің көңілін сергітіп, жастарға жігер берген іс-шара қызықты әрі тартысты өтті. Жарысқа шахматтан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионаттарының қола жүлдегері, түркістандық жас шахматшы Сұлтанхан Нұрислам қатысты.
Шаршытақтаның жас шеберлері арасында алғашқы орынды Сұлтанхан Нұрислам иеленіп, II орын Мұхаммедәмин Мәуленұлына, III орын үздік ойыншы Нұрислам Абдуғаппаровқа бұйырды.
Орталықтағы ардагерлер арасында I орын Сембек Дүйсекбайға, II орын Ерсін Жарқынбекке бұйырды. III орынға Әуез Ахметов ие болды. Сайысқа қатысқан 24 шахматшы да өз шеберліктерін көрсете білді.
Ойы ұшқыр, өресі биік ұрпақ тәрбиелеу мақсатында өткен сайыс соңында ардагерлер ұйымдастырушыларға алғысын айтып, жас буынға бата-тілегін жеткізді.
Бұл форум — бұрынғылардан өзгерек. Себебі, жаңа құрылған қала үшін әлемнің әр бұрышынан келген инвесторларға қаланің әлеуетін көрсетіп, мүмкіндіктерімен таныстыру. Түркістанда «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2024» халықаралық инвестициялық форумы басталды. Іс-шараға отандық және […]
Түркістан өңіріне 2024 жылдың 9 айында 700 мыңнан астам қонақ келгені белгілі болды. Бұл жөнінде бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының Туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуов мәлімдеді. Оның айтуынша, өңірдің туристік әлеуетін арттыру […]
Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» бөлімі басшысының мәлімдеуінше, жалпы Түркістан қаласында 22 көлік бағытында 194 автобус жолаушыларға қызмет көрсетеді. Олардың 16 бағыты бойынша «Жолаушы» ЖШС, 6 бағытына «ТехПроАвто» ЖШС жауапты. Автобустардағы жол жүру ақысы «AlemPay» […]
Пікір қалдыру