Бұл форум — бұрынғылардан өзгерек. Себебі, жаңа құрылған қала үшін әлемнің әр бұрышынан келген инвесторларға қаланің әлеуетін көрсетіп, мүмкіндіктерімен таныстыру. Түркістанда «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2024» халықаралық инвестициялық форумы басталды. Іс-шараға отандық және шетелдік инвесторлар мен жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдері қатысып жатыр.
Ең алдымен халықаралық форумға келушілер назарына көрме ұсынылды. Онда инвесторларға Түркістан өңірінің қолөнері, туристік дестинациялары таныстырылып, таза табиғи ауыл шаруашылығы өнімдері көрсетілді. Сондай-ақ облыста жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалар да таныстырылды.
Форум аясында «Түркістан – Ұлы Жібек жолындағы халықаралық ынтымақтастықтың орталығы» тақырыбында мемлекеттік органдар, бизнес және халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуымен пленарлық отырыс өтті.
Пленарлық отырыс барысында Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулының орынбасары Люй И сөз алып, халықаралық іс-шараның елдер арасындағы достықты нығайтудағы маңызы туралы айтты. Сонымен бірге спикерлер қатарында ҚР Ауыл шаурашылығы министрлігі мен кәсіпкерлік саласының өкілдері де болды.
Халықаралық форумның негізгі мақсаты – Түркістан облысының инвестициялық әлеуетін таныстыру және өңірдің шет елдермен экономикалық байланыстарын нығайту. Инвестиция тартып, өндіріс орындарын көбейту.
Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде ақын, сазгер, ұлағатты ұстаз Әбдіхалық Әбдірайымұлының мерейлі 63 жасқа толуына орай шығармашылық кеш өтті. Бұл шара оның талантын бағалаушылардың, қазақ мәдениеті мен өнерін сүйетіндердің басын қосты. Кеш Әбдіхалық Әбдірайымұлының […]
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ерекше жандарға қамқорлық жасауды әлеуметтік саладағы басты міндеттердің бірі ретінде үнемі айтып келеді. Халыққа Жолдауында: «Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз» деген болатын. Бұл сөздер еліміздің әлеуметтік […]
Түркістан қаласындағы «OLYMPIC CENTER» спорт кешенінде Түркі мемлекеттерінің қатысуымен бокстан 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында «WBC AMATEUR TURKSOY» халықаралық турнирі өтті. Халықаралық турнир Түркі мемлекеттері арасында алғаш рет Қазақстанда, оның ішінде қасиетті Түркістанда ТҮРКСОЙ ұйымының […]
Пікір қалдыру